Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Суық әрі қорқынышты: Әли Оқаповты тірідей көме жаздаған

Суық әрі қорқынышты: Әли Оқаповты тірідей көме жаздаған


Әли Оқапов басынан өткен сұмдық жайтты баяндады. Әншіні сәл болмағанда тірідей көме жаздаған. Өнер иесі кәдімгі табыттың ішінен бір-ақ шыққанда не істерін білмеген.

Басынан өткен оқиға жайлы Әлидің өзі баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі НТК арнасының “Ревю” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
“Іші суық әрі қорқынышты. Ол жерге қайта барғым келмес еді. Мені түсірілім кезінде жерлей бастады. Расымен де табыттың бетін жауып, үстінен топырақ шашты”, – деп қорқынышпен еске алады Әли.
Өздеріңіз түсінгендей, мұндай сұмдық оқиға Әлидің басынан фильм түсірілімі кезінде орын алған. Әли “Қаракөз” атты отандық қорқынышты картинада басты рөлдердің бірін сомдаған. Аталған картина – Оқаповтың кинодағы екінші тәжірибесі. Алғашқыда Әли аталған картинаға тек саундтрек жазбақшы болған. Кейін кездейсоқ актер ретінде таңдалған. Ал әнші арманындағы рөліне қол жеткізу үшін талай мәрте кастингке қатысқан.
“Арманымдағы рөлге 5 рет өтпей қалдым. Әркез әскери адамды сомдағым келетін. Себебі өзім денсаулығыма байланысты екі рет әскерге қабылданбадым”, – дейді Әли.
Айта кетейік, “Қарагөз” картинасын қазақстандықтар мен украиналықтар бірігіп түсірген.
Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

30 қазан 2018 ж. 1 136 0