Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШОРАЯҚТЫҢ ОМАРЫ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ҒИБРАТТЫҚ МӘНІ

ШОРАЯҚТЫҢ ОМАРЫ МЫСАЛДАРЫНЫҢ ҒИБРАТТЫҚ МӘНІ


Қазақ әдебиеті тарихында Сыр сүлейлері атауымен өзіндік шығармашылық мектеп қалыптастырған халық жүрегіне берік орныққан бір топ ақындар шоғыры бар. Солардың бірі – Шораяқтың Омары. Оның қазақ әдебиетіндегі мысал жанрына қосқан үлесі ұлттық мәдени тарихында айрықша дараланып көрінеді. Мысал – өзіндік ерекшелігі бар жанр. Ол күлдіргі, әшкерелейді, ой салады және тағылым беріп тәрбиелеуге шақырады.
Мысал арқылы ақындар рухани құндылықтарды арқау етіп, талғам биігінен көрінуді басты назарда ұстаған. Мысалда ең жоғары құндылық адамды дәріптеу, оның игі қасиеттерін үлгі етеді. Академик З.Қабдолов: «Мысалдың өзінше тән жанрлық ерекшелігі барлығы даусыз. Өмірде сатираға негіз болу үшін өзі күліп тұрған тақырып жоқ. Демек, мысал арқылы әзіл, мазақ, шенеу сияқты суреттеліп, соңында тобықтай түйін тұспалдап берілетін мысалдың сипаты әр түрлі болып келеді.
Шағын эпикалық шығармалар әдебиет тарихының әр кезеңінде әр сипатта болған. Мәселен, ежелгі көне дүниедегі бұл тектес көркем, туынды – миф, одан кейінгі әр тұстардағы үлгілері – аңыз, ертегі, мысал, новелла т.б.», - дейді.
Өлке әдебиетінде сыр сүлейлерінің мысал жанрына қосқан үлесін белгілеуде Шораяқтың Омарының даралығы сол аллегориялық кейіпкер ретінде адамның мінездемелік қасиетін анық береді.
Мысал өлеңдер көбіне өлеңмен жазылады, десек те, жай сөз түрі де, саукық сөз түрінде де болады. Зерттеуші ғалым Ғ.Тұяқбаев: «Мысал жанры біз сөз етіп отырған сыр бойындағы әдеби ортада да ерекше сипатқа ие болды. Бұл әсіресе ХХ ғасырдың басындағы ақындар шығармашылығында айқын байқалды. Т.Ізтілеуовтің «лұқпан Хакім», «Ата мен бала», «Сүлеймен мен кірпішешен», Шораяқтың Омарының «Жарлы Тәліп», «Қара шекпен» т.б. мысал үлгісіндегі жазылған шығармалар», - дейді.
Шығыстың классикалық әдебиеті үлгісінен тәлім алған Сыр еліндегі атақты ақындардың бірі – Шораяқтың Омары. Оның мысал үлгісінде жазған «Қанағат», «Қара шекпен», «Бір пиала май», «Маймыл», «Һақ Сүлеймен» сияқты мысалдары бар. Бұл шығармаларының желісі адамгершілікке үндеу, жастарға өсиет айту мақсатында болып келеді.
Шораяқтың Омары жазған «Қойшы мен ұры» атты мысалдың сюжетінде адал еңбекті кәсіп етіпкен қойшыға бір ұры жолығады. Арыстанның терісінен тұлып жасап, жар басына қояды да, қойшыдан арыстанға тамақ бер, болмаса бәріңді жоқ етеді дейді. Аңқау қойшы керегіңді ал деп қала береді. Ұры қойшыны алдап бар малын айдап кетеді. Мысалы:
Бір ұры жүруші еді етіп талап,
Аблығып, аласұрып алақ-жұлақ.
Кетуші ет кез келгенді зар еңіретіп,
Жанынан жазатайым өтсе жанап, - деп пиғылы жаман адамдарды мысалдың басында ұры ретінде осылай таныстыра келе:
Кездесті бір қойшыға көп қой баққан,
Кең қоныш жаман тонды, жыртық балақ, - деп момын, қорқақ, аңқау, адал, сенгіш адамдар бейнесін қойшыға теңейді. Қорыққаннан қойшы бағұс қол қусырып,
«Ал, -деді, - керегіңлі өзің қалап».
Қалбиған қарақшыны айбат етіп,
Керегін айдап кетті қойдан санап
Мысал соңында ақын халықты алдап, қанап отырған қарау, сұм адамдардың кейпін танытады.
Мысалда белгілі бір үгіт, тәлім-тәрбиелік мән бар. Автордың суреттеп отырған бейнесі өмірде болатын шындық. Мысал соңында оқырманға белгілі бір үгіт, тәрбиелік мәні бар қорытында жасалған. Ұры арқылы адам бойындағы жағымсыз әрекеттер сыналады. Өмір құбылыстарының сүреңсіз жағы суреттеліп, қойшы сияқты адал адамдар ұрыға қарама-қарсы қойылған. Мысалда тобықтай түйін берілген. Ұры мен қойшының әрекеті егжей-тег–ейлі баяндалмай тұспалмен берілген.
Ш.Омардың «Маймыл» атты мысалында: Ертеде бір патшаның үш ұлы болыпты, екеуінің шешесі бір екен де, үшіншісі тоқал анадан туыпты. Үшеуі бір қызға ғашық болып, соңында үшеуі жауалсып, әскер жиып соғыспақ болады. Сонда патша ұлдарын жинап, үш тарапқа оқ атқызып, оқ түскен үйдің қызын әпермекші болады. Екі ағасы атқан оқ түскен үйдің қызын алады. Ал Әділбек атты кішінің оғы айдалаға түседі. Патша Әділбекті оғыңды тауып кел деп жібереді. Бала қиналып жүріп түсінде Қыдыр атаны көреді, ол оқтың түскен жерін айтады. Сонан оқты тістеп отырған бір маймылға кездеседі. Әділбек маймылдан оғын сұрап алады, маймыл атының артына секіріп мініп алады. Бала маймылға: «Қалмасаң өлтірем дейді, маймыл тастап кетсең, мен де сені өлтірем. Түсімде пайғамбар саған мені некелеткен», - дейді.
Әкесі үш ұлн шақыртып, сапарға шығатынын айтады да, мың шатыр мен тонды әйелдеріне бес күнде тіәктіріп әкелуін бұйырады. Кімде кім бұйрықты орындамаса, дарға асатынын айтады. Сол сәтте маймыл сиқырдың күшімен көмек береді. Әділбек пісте мен жаңғақты шаққанда, тон да, шатыр да дайын болады.
Мысал соңында маймылдың кебенесін киіп жүрген сұлу қыз екен. Әділбек оның сыртында жамылып жүрген кебенегінің қасиетін білмей, лақтырып жібереді. Маймыл жоқ болып кетеді, жігіт оны іздеп тауып, қосылады. Мысал аяғында автор:
Етсе егер қай уақытта ізгі талап,
Өлшеусіз өміріне пада табар.
Еңбегі талапты ердің босқа кетпей,
Тап болған Әділбекке маймыл Камал, - деп аяқтайды. Автор пернелеген маймыл қыз мысалға мазмұн болған.
Әділбектің басынан өткен қиыншылықтар, оның болашақ жарының маймыл болуын баяндау арқылы негізгі идея анықталады. Маймыл кейпіндегі қыз ақылды, тапқыр, адами қасиеттері мол екенін көрсетеді. Мысалдың сюжет арқауы да «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» дегенге саяды. Аз сөзге көп мағына сыйғызып, қысқа-қысқа диалогтар арқылы сюжет берген. Қазақ еліндегі өмір шындығының бірқатары жар таңдауда тән сұлулығына қызығып, жан сұлулығын бағаламайтындарды мысалдаған.
Шраяқтың Омары жазған мысал өлеңдер осиеттік-өнегелік, тәрбиелік мәні бар топтама болып келеді. «Бір пиала май» атты мысалында:
Ертеде Омар деген патшаға бір қария келіп жылайды. Патша не себептен жылап келдің деген сауалға жинаған бар ақшасына бір кесе май алыпты. Жолда сүрініп құлап, май төгіледі де жерге сіңіп кетеді. Патша қартты май төгілген жерге ертіп келіп, жерге бұйрық беріп, майды шығарып береді. Сонда қарт:
«Омар, сен жан екенсің ғаділетті,
Ғаріпке күні түскен көмек берген.
Өзіңді Алла тағала жарылқасын,
Аяғын сұрап балам не қыласың», - деп ғайып болады.
Ол Қыдыр баба екен патшаны сынауға келіпті. Бұл мысал да шығыстық сюжетке құрылған. Ақын ауқымды мәселе көтеріп, ойын қысқа нақты етіп берген. Мысал сюжетінде патша мен қартты алып, әділ, иманды патшаның іс-әрекетін үлгі етеді. Алла құлшылық еткенді иманды адамды қалайды. Патшаның қартқа жасаған ісі имандылықтың белгісі екенін мысалға алған ақын өз ойын тұжырымдап:
Бұл бір сөз молла Омарды кейінгіге
Алсын деп ғибраттан ілгері өткен, - деп қорытады. Бұл мысал да басқа шығармалар сияқты тыңдарманға «баршаға қанағат ет», «иманды, қайырымды бол», «бақ та, тақ та ауызбірлікте, әділдікпен ел басқар» т.с.с өнегелі ойын ұсынады.
Шораяқтың мысал өлеңдерін үлкен екі топқа бөліп қарастырған жөн. Біріншісі – өсиет мысалдар. Бұл топтқа енетін мысал өлеңдер ғибраттық өсиеттік сарындағы дидактикалық өлеңдер: «Қанағат», «Бір пиала шай», «Қойшы мен ұры» т.б. Мысал сюжеті қықса 1-2 беттен аспайды. Кейіпкерлері де аз, ой тұжырымы бар. Мысалда суреттеуден гөрі аз сөзге көп мағына сыйғызады. Қысқа диалогтар арқылы сюжте жасалады.
Екіншісі – шығыстық сюжетке құрылған аңыздар мен дастандық үлгіде жасалған мысалдар. Олар: «Жарлы Тәліп», «Қара шекпен», «Маймыл», «Үш күлше» т.б. Шораяқтың Омары жазған мысалдардың қай-қайсы болс ада, жастарға өнеге-өсиет, ғибрат үлгі болады. Ақынның сөзімен айтқанда:
Ей, Омар отырмай тек от басында,
Алғандай жастыан мағлұмат үлгі тарат
немесе
Доғарды осы сөзден үлгі алсын деп,
Баласы Шраяқтың ғарып Омар.
Дастандық үлгіде жазылған «Жарлы Тәліп» мысалының қысқа сюжеті былайш өрбидә. Ертеде жарлы Тәліп деген жігіт болыпты: оның арманы патша қызына үйленемін деп патшаға барады. Патша қызын беремін, бірақ бір қап гауһар әкел депті. Бала гауһарды алу үшін меспен суын төгеді. Оқиғаға періште араласып, Тәліптің талабы зор, суды месіне сыйғыз деп бұйырыпты. Көл суы тартылып, асыл тастар кереметке патша таң қалып, қызын Тәліпке беріп, қызметке қойыпты.
Шығармадан үлгі ғибрат алар тұстар көп. Мысал соңында ақын:
«Тәуекел» талапты реге болған нәсіп,
Тастамас талапты ерді, тәңірім шөлге,
Жатқанның пайдасы жоқ, бекер жасып, - деп ой түйеді.
Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы кең, тағылымдық мәні ауқымды. Оның қандай шығармасын алып қарасаңыз да негізгі идея – халыққа қызмет еті, көктің ығында болу, елге еңбек еті. Бұл жолға жеткізетін қасиет – әділдік, имандылық, адамгершілік, адал еңбек, талап, рақым деп түсінген ақын тұспалдап, астарлап айту арқылы халық талқысына салып отырады.
Ақынның келесі мысалы «Қара шекпен». Ертеде Қара шекпен атты егінші болыпты. Егіні піспей, тарығып келе жатып, бір қасқырға кездеседі. Ол қуғыншыдан қашып келе жатқанын айтып, өзін қапқа салып жасыруын өтінеді. Қуып келген қуғыншыларға қасқырды қапқа жасырып қойып, қашып кетті деп жалтарады. Сонан соң қуғыншылар жөніне кетеді де, Тәдіп қасқырды қаптан шығарады. Өзін құтқарған Тәліпке бас сала ұмтылып жемек болады. Қиын кезде көмек берген жолдасын сататын адамдарды қасқыр бейнесінде суреттеп:
Жамандық жолдасына ететұғын,
Бөрі де аңның бірі емес пе еді? – дейді.
Досының опасыздығына қайран қалған тәліп сасқалақтап алдынан кездесетін аңға төрелік айттыруын өтінеді. Жол үстінде алдарынан шыққан түлкіге болған оқиғаны баяндайды. Қасқырдың опасыздығын білген түлкі қасқырға қапқа түсіп көр дейді. Одан әрі қапқа түскен қасқырды Тәліптің тоқпақтауын сұрайды. Қан жоса болып, әлсіреген қасқырды қаптан шығарып тастайды. Автор қорытынды түйінді былайшы жасайды:
Достығын ессіз қасқыр бұзамын деп,
Қызылға бір жейтұғын «қызамын» деп.
Талайы «талапкердің» тартқан сазай,
Аяғын атымсызда созамын деп.
Шораяқтың Омары бұл мысалда достықты сақтай алмайтын қара ниет залымдарды тұспалдап батыл әшкерелеген. Түлкіге төрелік айтқызып, халық талқысына салады. Мысал сюжетінде оқшауайтылған түйін, дербес қорытынды жоқ. Автор түйінді сөзді оқырман билігіне қалдырған.
Омардың жоғарыда айтылған мысалдарындағыдай, бұл жолы да өзіндік тыңнан жолдар қосып, өмір шындығынан туындайтын мәселелерге тоқталған. Қасқыр сияқты опасыз, бір тоятын жемге достықты сатып кететіндерден аулақ болуға жұрт назарын аударады.
Ш.Омардың әдеби мұрасын зерттеген М.Қаржауов: «Шораяқтың Омарының әдеби мұрасы кең, тағылымдық мәні ауқымды дүние. Ақынның басты идеясы – халыққа қалқысыз қызмет ету», - дейді. Осы пікірге орай Ш.Омар мысалдарының да ауқымды тағылымдық мәнге ие екенін айтуға болады. Оның әдеби мұраларының бір бөқлігі болып табылатын мысалдары қоғамдағы келеңсіз жағдайлар мен түрлі мінез-құлықтарды әжуалап жақсыны үйренуге үгіттеп отыратын шығармалар деп бағалаймыз.
Ақын мысладарындағы ерекшелік оқырманға ақыл-нақыл айтып, ой түсйіп отырады. Адамды не хайуанаттарды сөйлету арқылы ойды өрбітеді.
Кейіпкер характерін ашу үшін мысалды диалогқа құрады. Мысалдың өн бойында болатын оқиғаларды болжап көрсетеді. Мысалы, «Қара шекпен».
Қасқыр:
Қозғалтып қол-аяқты қыбыр етпе!
Жемекке сені дереу түзеттім ой.
Көп былшыл қиқаңдаған сөзіңді қой!

Қара шекпен:
Кел, қасқыр сөйлесейік жүріп жолмен,
Ажалды кім тоқтатар ұстап қолмен,
Бұл сөзді кім де болса сынатайық,
Қайсыбір мақұлыққа тура келген.

Түлкі:
Ей, қасқыр, сіз бенен біз бір жыныста,
Әрқашан қауышармыз әр жұмыста.
Әр істі қисынымен қылған жөн ед,
Жайылар жаманат сөз әрбір тұста.
Ақынның сөз қолданыстарында ой құбылып, кейіпкерлер атынан жалғаса береді. Оқырман хайуанаттар сөйлеп тұрғандай сезімде қабылдайды. Мысалды аллегориялап баяндау және мысал әңгімеленіп болғаннан кейін ақын оған түсінік береді.
Сол сияқты араб, парсы сөздері көп қолданылады десек те, автор өзі түсінік беріп отырады. Мысалы:
Мүбәрак Мұстафаның адисларын
Қалыдрмай қарап өтті назар салып («Жарлы Тәліп»).
Мүбәрак – қасиетті, құтты
Адис – хадис, пайғамбар сөзі, парасатты адам.
Көңіліне шүбә кіріп етті қастық,
Ақымақтың әуел баста еткен бостық («Қара шекпен»).
Шүбә – күмән клетіру.
Өмір шындығынан қорытынды түсін жасаған ақыл-нақыл, ғибрат сөздер көп.
1.Әр пенде бір мақсатқа етсе талап,
Ақыры – деген екен жетуі анық («Жарлы Тәліп»).
Талапты ерге нұр жауар.
1.Тәуекел талапты ерге болған нәсіп («Жарлы Тәліп»).
Тәуекел деген жел қайық,
Өтесің де кетесің.
«Талапты ер» сөзі өлеңге ажар беріп тұрған эпитеттер.
1.Тастамас талапты ерді тәңірім шөлге (Жарлы Тәліп).
2.Қасқырдай қара көңіл боламын деп,
Достықтың апатына шатылмаңдар.
Өлеңге ажар беріп тұрған эпитет пен теңеулер алуан заттың өзгеше белгілері аңғартады. Қасқырдай - теңеу, қара көңіл – эпитет, достықтың апаты – метонимия.
Кезікті бір қойшыға көп қой бақщқан,
Кең қоныш, жаман тонды, жыртқыш балақ (Қойшы мен ұры)
Өлеңдегі «кең», «жаман», «жыртық» сөздері өлеңді ажарлап, сөздің табиғилығы мен қарапайымдылығын көрсетіп тұрған эпитеттер.
Онда мен патша қызын аламын деп,
Таудай талап алдына қойды ғаріп.
«Таудай» табығатқа еліктеуден туған теңеу.
Ақын кейде теңеудің түріне мән беріп, -ша, - ше жұрнағы арқылы өзінше ой өрнектейді.
Нұр сипат, ханның қызы Гүлайымша,
Сыр мінез, сынық дерттің мұнайынша.
Сұлудың өзгеше беліглеріне «нұр сипат», «сыр мінез» деген эпитеттер арқылы суреттесе, дерттің «мұнайынша» деген сөз қолданыс та ақында өзіндік жаңалығы болып табылады.
Тіл құдіретін жетік меңгерген ақын өлең құрылысына да өзіндік ажар, көрік береді. Тілі жатық әр нәрсені салыстыру арқылы бейнелі сөздер, құбылтуларды көп қолданған. Өлеңді он бір буынды қара өлең ұйқасына құрады. Өлең өлшемі, жасалу жүйесі оның ырғағына, дыбыс үндестігіне тән болса, ол түгелдей сақталған.
Ш.Омарұлы ұлттық әдебиетімізді мысал жанрымен толықтырып, шеберлігі мен ақындық дарындылығын байқатқан. Оның мысалдары ой тереңдігі мен мазмұндылығы, тіл құнарлығы мен өзіндік сөз саптауымен ерекшеленеді.

Ұлжан ЖАНБЕРШИЕВА,
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің профессоры, ф.ғ.к.
23 қазан 2018 ж. 2 027 0