Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудандық мәслихаттың кезекті 49 – сессиясы өтті

Аудандық мәслихаттың кезекті 49 – сессиясы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті 49-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ бөлім басшылары қатысты.

Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есеп тыңдалды. Бұл бойынша «Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Е. Ахетов баяндама жасап, бюджет кірістері мен шығыстарының орындалуы, қаржының игерілу барысы және негізгі көрсеткіштер бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берді.

Сонымен қатар, аудан аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары арасында жұқпалы аурулардың таралуына жол бермеу мақсатында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы мәселе қаралып, Н. Дәулетбаевтың баяндамасы тыңдалды. Аудан бойынша атқарылып жатқан профилактикалық шаралар, вакцинация жұмыстары және бақылау іс-шаралары жөнінде хабарлады.

Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2023 жылғы 4 қыркүйектегі №54 шешіміне өзгерістер енгізу туралы болды. Бұл бағыттағы жұмыстар жөнінде «Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі А. Мұқан баяндады.

Сондай-ақ Сырдария аудандық мәслихатының 2026 жылдың II жартыжылдығына арналған жұмыс жоспары талқыланып, аудандық мәслихат аппаратының басшысы Г. Божан жоспардағы негізгі бағыттар мен басымдықтарды таныстырды.

Бұдан бөлек, аудан әкімдігі жанынан кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияны құру мәселесі жөнінде аудан әкімінің орынбасары Д. Байдушев хабарлама жасады.

Сессияда Қызылорда облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы есебін облыстық тексеру комиссиясының мүшесі С. Қармыс таныстырды.

Бірлескен отырыста тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды. Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
29 сәуір 2026 ж. 49 0