Кассациялық соттар жұмысын бастады
Қазақстанда шілденің бірінен бастап аймақаралық мәртебесі бар кассациялық соттар жұмысын бастады. Бұл сот жүйесін реформалаудың маңызды кезеңі. Жаңашылдық әділдіктің қолжетімділігі мен тиімділігін арттыруға бағытталған.Кассациялық сот үш бағытта, яғни қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді толық қарайды. Кассациялық сотта істердің қарау мерзімі 6 айдан аспайды.
Қоғамда сот билігіне деген сенім – мемлекет тұрақтылығының кепілі. Егер азамат заңды қорғау мен әділдікті таба алмайтын болса, оның мемлекетке деген сенімі де азаяды.
Сол себепті кассациялық соттардың басты міндеті — төмен тұрған соттардың заңды күшіне енген шешімдеріне қатысты арыз-шағымдарды қарайтын сот сатысы. Олардың негізгі міндеті — алғашқы және апелляциялық сатыда судьялар қабылдаған сот шешімдерінің заңдылығы мен негізділігін тексеру. Бұл – шын мәнінде сот жүйесінің тазалығы мен ашықтығының көрсеткіші.
Жүргізілетін реформа сот жүйесіне ғана емес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтарымен бостандықтарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етеді деп сенеміз.
ОЛЖАС ДУСЕНОВ, Сырдария аудандық соты
әкімшісінің бас маман аға сот приставы
Фото: Н. Нұржаубай










