Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » КІТАП ҚАЗЫНАСЫНЫҢ ЖАҺАНГЕРЛЕРІ

КІТАП ҚАЗЫНАСЫНЫҢ ЖАҺАНГЕРЛЕРІ


2014 жылдан бас­тау алған Қазақстан Республикасының ұлт­тық академиялық кі­тапханасының – «Кі­тап­ханалық туризм» жобасы аясындағы ұлттық академиялық кі­тапхана қызметкерлері – екі ғасырлық тарихы бар Сыр елінің бас қаласы – Қызылордаға келіп, тарихта аты аңызға айналған тарихи мекенде, оның ғұлама тұлғаларының бірі – Құлболды ишан мазарында болды.
«Кітапханалық туризм» жобасының қатысушыларын Қоға­лыкөл ауылына Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапхананың директоры Н.Мырзамұратова, әдіскер Қ.Досмағанбетова және Сырдария аудандық ОКЖ директоры бастап келді.
Қазақстан Республикасының академиялық кітапханасы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен бүгінгі жа­һандану, жаңғыру үрдістері орын алған дәуірде өз бастамалары арқылы Қазақстанда кітапхана мен кітапханашының қоғамдағы мәртебесін арттыру бағытында қарқынды жұмыстар жүргізіп келеді. Солардың ең маңыздысы 2014 жылдан бері ойдағыдай жүзеге асқан «Кітапханалық туризм» жобасы.
Аталған жоба аясында – Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлері еліміздің үлкенді-кішілі қалаларындағы тарихи және мәдени орындарға, таяу және алыс шет елдердегі алдыңғы қатарлы кітапханаларға іс-сапарға шығып, кәсіби біліктіліктерін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігіне ие болды. Соңғы жылдары кітапхана қызметкерлері – Алматы және Алматы облыстары, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақтөбе, Атырау, Қостанай облыстарында, Түркия, Қытай, Венгрия, Финляндия, Ресей, Армения, Өзбекстан, Болгария, Македония, т.б. мемлекеттерге барып қайтты.
Осы «Кітапханалық туризм» жобасы аясында жаһан жиһанкездеріне айнала білген кітапхана қызметкерлеріне Құлболды ишан ұрпақтарының бірі – Қамар Рүстемов атамыз Ұлы бабаның ислам дінін таратушылардың бірі екендігін, халқына көрсеткен игі істері жайлы әңгімелеп берді. Құлболды ишан мазарында құнды кітаптардың көп болғандығын, оның барлығы қалалық музейде сақтаулы тұрғандығын және Баба басына небір жайсаңдардың ниет етіп келіп тұратындығын айтты.
Ал, Қоғалыкөл ауылдық кітапханасы тарихындағы керемет кездесулердің осы Құлболды ишан мазарының басында болып тұрғандығын, оның бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы аясындағы «Ұлы Жібек жолы» экспедициясының Алматы қа­ласындағы ұлттық кітапхана қызметкерлерінің келуі болса, ал, бүгінгі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Ел Аста­насының Ұлттық академиялық кітапхана қызметкерлерінің келуі де жобаның көтерген жүгінің жеңіл емес екенін аң­ғартқандай еді.
Кездесу барысында баба рухына құран бағышталды. Жи­һанкез қонақтарға сый-сияпат жасалды. «Кітапханалық туризм» жобасының құрметті қонақтары мұнан соң сәні мен салтанаты келіскен Нағи Ілиясов ауылына ат басын бұрды. Н.Ілиясов ауылдық модельді кітапханасы аудан көлеміндегі «Үлгілі кітапханалардың» бірі. Қонақтарды кітапханашы Сауле Найзатаева кітапханадағы «Ізденсем, білсем » атты танымдық клубының жұмысымен таныстырды.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағ­дарламалық мақаласы аясында құрылған «Ізденсем, білсем» атты танымдық клубының мақсаты – туған өлке тарихы, елден шыққан танымал тұлғалармен киелі орындарды таныстыру, өткен ғасырдан сақталған ата-бабалардан қалған жәдігерлерді сақтау және қорғау, ұрпағына аманаттау.
Экспедиция мүшелері клуб жұмысына ризалықтарын білдіріп, кітапханаға сый ретінде М.Дулатидің «Тарих-и Рашиди», Н.Ораздың «Дәуір додасын» кітаптарын табыс етті. Танымдық клубтың мүшелері өз жұмыстары барысында Батыс Еуропа – Батыс Қытай автобаны бойындағы атақты Көтібар мұнарасына, «Қосасар» қалашығына және облыстық, аудандық, өлкетану мұражайлары мен көркемсурет галереясына экспедициялық экскурсия жасады.

Рахима Досжанова,
Қоғалыкөл ауылы,
штаттан тыс тілші
16 қазан 2018 ж. 1 049 0