Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚҰС АСЫРАУ ДА ТАБЫС КӨЗІ

ҚҰС АСЫРАУ ДА ТАБЫС КӨЗІ


Жетікөл жанында көл болғандықтан ауыл халқы құс шаруашылығымен айналысуға бейім. Әрбір үйде жоқ дегенде оншақты тауық бар. Оның жұмыртқасы, еті күнделікті тұтынуға жақсы екені айтпаса да түсінікті. Мұны кәсіп көзіне айналдырғандар қатары баршылық.
Елді мекенде көбіне мал шаруашылығымен айналысатындар құс асырауды кәсіп қылуда. «Бексұлтан» ШҚ төрағасы Бексұлтан Әйімбетов «Ақниет» бағдарламасымен құстың түр-түрін асырауда. Тауықтан бастап, күркетауыққа дейін асырап, елдің қажетін өтеп отырған кәсіпкер бұл табысты жұмыс көзі екенін айтады. Ол тіптен, сирек кездесетін үй құсы – цесарканы асырайды. Бұл құстың 6 түрі болса, соның жалғыз түрін қолда асырауға болады. Оның Отаны – Оңтүстік Африка мемлекеті. Цесарка өзге құстарға қарағанда етті екен. Оның түр-түсі де өзгелерден ерекше. Жылтыраған ала түсі адамды өзіне тарта түседі. «Бұлардың бап-күтімі бөлек. Бұл құстың кейбірі қысқа төзімді болса, кейбірі ыстыққа төзбейді екен. Үйде асырайтын түрін биыл әкелдік. Қысқа төзімділігін көреміз. Басы кішкентай болғанымен денесі етті және пайдалы» – дейді Б.Әйімбетов.
Елді мекендегі «РБК» ШҚ төрағасы Кеңдала Құрбанов та малмен бірге құс шаруашылығын қолға алғандар қатарында. Ол биылғы көктемнен бастап қаз асырауды кәсіп көзі еткен. Ерте көктемде 800 бас қаз балапанын алып, ауыл іргесіндегі шаруашылық жерінде күтіп-баптаған. Балапан кезінде күніне 6-7 рет тамақтандырып отырған. Балапан жүні түскен соң жылы жерде ұстап, асырайды. Өзі бұл құс түрі суды ұнатады. Алайда, балапан кезінде суға жолатпау қажет екен. Өйткені, денесіне су тисе, өз-өзін көтере алмай, көпке бармайтын көрінеді. Осындай ерекше күтім жасағанын жеткізген кәсіпкер қазіргі таңда 3-4 келі болған қаздан 200-ге жуығы ғана қалғанын айтты. Басқаларын осы уақытқа дейін облыс орталығына апарып өткізіп, пайда тапқан. Енді күздің салқынымен қалған қаз 5 келіден асса олардан да әжептәуір пайда түспек. Қаз етінің әр келісінің бағасы базарда 1300 теңге. Қысқа дейін бәрін өткізсе, келер көктемде қайтадан балапан қаз алып, кәсібін кеңейте түспек.


Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ

25 қыркүйек 2018 ж. 1 787 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 08:09
Clomid Plus D Ovulation Cefixime Over The Counter Propecia Antidoping cialis effet secondaire levitra Priligy Price Priligy Dapoxetine Sildenafil

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 10:13
Buy Generic Viagra Online Cheap cialis Amoxicillin Colitis Generic Viagra Overnite No Perscription Real Stendra Best Website Medicine Poole