ХАЛҚЫНА ЖЫР СЫЙЛАҒАН ...
Белгілі ақын, ҚР Мемлекеттік алғашқы әнұранының авторларының бірі жерлесіміз Жадыра Дәрібаева 70 жасқа толып отыр. Бұл мерейлі күнді атап өту Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдармалық мақаласынан туындайтын мәселеЛЕрді ілгерІлету және ұйымдастыруға арналған іс-шаралар жоспарына да ендірілген. Сондықтан халқының ерке қызына айналған ақынның жыр-шумақтарын оқырманға ұсынғанды жөн көрдік.
Тірегім болшы, туған ел.
Менде бір өршіл қызыңның,
Өзіңмен өсіп, буған бел.
Қалыпты қыстан қысылып,
Құрдымға кетіп көп тілек,
Желтоқсан желі ұшырып.
Шабытым шалқып шалқарда,
Қиырда сырлы үн қатып,
Жүргенім сенің арқаңда.
Адамың жатса күн аттап,
Ұлы күн туар ұрпаққа,
Жігерің тасып, жыр қаптап!
Күн санап өскен алыптай,
Өзіңе сеніп қуаттан,
Жүзіңді жүзге қарытпай!
Сындарлы, дана, қайырымды,
Сенерім сенсің, туған жұрт,
Көрмейін енді қайғыңды!
Аға толқын тәлімімен шыңдалғам.
Жақсыларға кезіктірген тағдырды
Жалықпаспын шын жүректен жырлаудан.
Жылағанның жүрек сырын аулаппын,
Өнегеме өрісімді өсірген,
Түйсігі бар жас ұрпақты баулаппын.
Сәуір сәттер мөлдірлікті ұқтырса,
Ұлылардың ұлағаты дем беріп,
Салиқалы қасиетін жұқтырса.
Көбейгені күншілдердің ауыр тек.
Абыройы ортақ елдің ұл, қызға,
Бақыт жасап бермес өзге қауым кеп.
Ол да қазір көз жастардан шерменде,
Бөліп-жарып тартқылайтын түгі жоқ,
Үмітпенен қарайды ел ерлерге...
Әрбір күнін тағзым етіп батырған.
«Бала берсең, сана бер» деп тілеумен,
Келешектің жайын ойлап аһ ұрған.
Аздырмайды адамзатты қанағат»,
Санамызды саралайтын қарттарым,-
«Риза болсын – деп, ісіңе жамағат».
Алушы еді кілең жұрттың алғысын,
Сиреп кетті сол қарттардың қатары,
Ниеттері киінгіге дарысын.
Сағы сынбай келген туған даланың,
Ізгілікті ұялатсақ жүрекке,
Талайы әлі туар еді дананың.
Үмітім үзілмейді,
Күндерім жалғасады.
Тамаша күзім келіп,
Сары ала нұр шашады.
Жапырақ бал-бұл жанып.
Әуеннің ырғағындай,
Кетті ауа толқынданып.
Таңырқап тамсанамын.
Жылыстап ұшады жыл,
Мен Сені қарсы аламын...
Мен болсам ғұмыр-әдеппен,
Пір тұттым адам баласын,
Достасып сұлу сонетпен,
Емдедім жанның жарасын.
Жұлдызды түнде жұбандым,
Ақпанда әппақ қар кештім,
Жақсылар үшін қуандым.
Өтінде заман - құйынның,
Демеу боп жүрдім әлсізге,
Тәңірге ғана сыйындым.
Жадыра ДӘРІБАЕВА,
ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі
ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі