Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖҮГЕРІ_ШАШАҒЫ шипалы_ма?

ЖҮГЕРІ_ШАШАҒЫ шипалы_ма?


Жұртшылық арасында жүгері шашағын дертке шипа береді деп пайдаланушылар көп. Ал ол қаншалықты рас? Төменде біз осы жөнніде айтпақпыз.
• Мамандар жүгері шашағының бауыр, өт_қабы ауруларына ем екенін дәлелдеген. Сондықтан дәрігерлер де оны емге пайдалануға кеңес береді. Гепатит, холецистит, холангит, тас байлануы сияқты аурулар кезінде дәрі-дәрмектер қолданылады. Оған қоса жүгері шашағын қолданса, ол қан құрамындағы билирубинді азайтады, өттің қоюлануын болдырмайды. Жүгері шашағының емге қайнатпасы, тұнбасы қолданылады, ащы шай ретінде ішуге де болады.
• Өттің_дұрыс_жүруі үшін жүгері шашағынан тұнба ішіп тұру керек. Ол былай әзірленеді: ыдысқа бір қасық жүгері шашағы салынады. Үстіне бір стакан қайнаған су құйып, бір сағаттай мықтап жауып қояды. Сосын сүзіп алады. Мұны күніне 3-4 рет, бір ас қасықтан ішіп тұру керек. Екі апталық курс асқазан-ішек жолдарына, бауырға пайдалы.
• Жүгерінің қайнатпасы гепатит, холецистит, өт жолдарының дискинезиясы кезінде ем. Оны былай әзірлейді: эмальды күрішкеге екі ас қасық жүгері шашағы салынады, үстінен қайнатылған жылы су құйылады. Сосын қақпағын жауып, кастрюльдегі қайнап тұрған «су моншасына» орналастырылады. 15-20 минуттан соң алып, суытады да, сүзіп, үстінен тағы да стакан толғанша су құяды. Оны күніне 3-4 рет, тамақтан соң бір ас қасықтан ішіп тұрады.
• Жалпы, қайнатпа, тұнбаларды жылы күйде, алдын-ала шайқап барып ішеді. Екі апта ішіп, үзіліс жасайды.
• Жүгері шашағынан жасалған сусынды шай ретінде ішіп тұруға болады. Оған қара қарақат жапырағы, жалбыз, жебіршөп (тимьян), түйеошаған (репейник), мыңжапырақ қосып ішуге де болады. Бір стакан қайнаған суға бір шай қасық шөп қосылады. 15-20 минут тұндырып, күніне бірнеше мәрте, жарты стаканнан ішеді.
• Жүгері шашағын диабетке қарсы да қолдануға болады. Оның сығындысы дәріханаларда бар. 15-20 тамшыдан суға қосып, бір ай бойы күніне 34- мәртеден ішіп тұру керек. Екі апта үзіліс жасап, қайта жалғастырады. 6 айға дейін қолданылады.
• Оны үйде дайындауға да болады, ұсақталған екі ас қасық шашақты жарты литр қайнаған суға салып, баяу отта 5-7 минут қайнатады. 30-40 минут тұндырып, күніне үш мәрте ішіп тұрады. Оның әжептәуір көмегі бар, қандағы қантты азайтады, жалпы жағдайда жақсартады.
• Атеросклероздың алдын-алу мен емдеуде де жүгері шашағының пайдасы бар. Ол «жаман холестеринді» азайтады, бас ауруын, құлақтағы шуды басады. Ұйқы, есте сақтау қабілеті жақсарады. Емдеу курсы – 3 аптадан, арасында екі апта үзіліс, 4-6 ай бойы жалғасуы керек.
• Бүйрек ауруларына, циститті, тас байлануын емдеуде де жүгері шашағының пайдасы көп. Зәр айдайды, қабынуды басады, құмның бүйректен, несеп жолдарынан тез, әрі жеңіл кетуіне септігін тигізеді.
• Жүгері шашағы, толғақшөп (золототысячник), түйеошаған шөптерінен тең мөлшерде алып, араластырып, бір ас қасығына екі стакан су құйып, «су моншасында» 15 минут ұстау керек. Сосын сүзіп алып, күніне үш мезгіл астан кейін стаканның төрттен бірі мөлшерінде ішіп тұрады.
• Қазір пісіп-жетіліп, саудада молынан сатылып жатқан жүгері шашағының осындай шипалық қасиеті бар екен. Дегенмен оның да кей жағдайларда жағымсыз әсері беретіні бар.
• Мысалы, оны жүкті әйелдер қолданбауы керек, аллергиясы барлар да абайлап қолданғаны абзал. Вена қан тамырлары кеңіген, тромбофлебитке ұшыраған, қаны тым тез ұйығыш жандарға да ол жайсыз тиеді. Тамаққа тәбеті төмен адамдар оны қолданса, тәбеті одан сайын төмендейді. Зәр қуатын қасиетке ие болғандықтан ұзақ уақыт қолданса ағзадағы калий мен магнийді азайтады.
Осы жағына абай болу керек.
10 қыркүйек 2018 ж. 7 953 0