Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЕСІМДЕР

ҚЫЗДАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ЕСІМДЕР


Айла — ай секілді сұлу, аймен нұрланған. 
Азиза — күшті, бағалы, қымбат, сүйкімді. 
Ажар – жақсы, әдемі, бірегей. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) жары, Исмаил пайғамбардың анасы, Зәм-зәм суы берілген ардақты әйел. 
Аиша (араб.) — тірі, өмір сүруші. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Пайғамбардың сүйікті әйелінің есімі. 
Әлия (араб.) — асқақ, көрнекті. 
Әмина — сенімді, адал. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) анасының есімі. 
Амира — бұйрық беруші, ханшайым. 
Аниса — жақын дос, жылы шырайлы, жайдары, жарқын. 
Асма — биік, ұлы. Аиша анамыздың (оған Алла разы болсын) сіңілсі, Әбу Бәкірдің (оған Алла разы болсын) екінші қызы. Өз заманында ақылдылығымен, жомарттығымен танылған жүз жасаған сахаба әйел. 
Диляра — жанды қуантушы, барлығына сүйікті. 
Дина — иман келтіруші, сенген, көзі жеткен. 
Динара — алтын. 
Дания — жақын; танымал, атақты. 
Жуайрия – «жария» (қыз) сөзінің кішірейтілген формасы. Мұсылмандар анасы, Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелі. 
Замиля — жолсерік, жолдас. 
Замина — қамтамасыз етуші, кепілдік беруші, негіз. 
Зульфия — бұйра шаштардың иесі; сүйкімді, тартымды. 
Зухра — сәулелендіруші, таңғы жұлдыз. 
Зейнаб (Зейнеп) – хош иісті ағаштың атауы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әйелінің, туған қызының, немересінің (Фатима есімді қызынан) есімі Зейнаб болған. 
Зәнжәбил – Жәннаттағы хош иісті дәмді өсімдік. 
Ирада — қасиетті сыйлық. 
Калима —шырын тілді, әңгімелесуші. 
Камиля — мінсіз, ең жақсы. 
Карима — жомарт, гауһардай қымбат, мейірбан. 
Каусария (Кәусар) — молшылықта өмір сүруші; Жәннаттағы өзен. 
Латифа — мейірімді. 
Маймуна – берекелі. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) соңғы әйелі. 
Мадина —Медине қаласының атауынан шыққан. 
Малика — патшайым, бұйрық беруші. «Ма-ля-кя» – билеу, болу бұйыру етістігінен шыққан 
Мансура — жеңімпаз. 
Марьям — сүйікті, жаны үйлесуші. Иса Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) анасы, Алла Тағаланың тазартып, күллі әлемдегі әйелдерден ардақты еткен құлы. 
Муслима — мұсылман қыз, Аллаға бойсұнушы. 
Мухсина — жақсылық жасаушы, салиқалы, таза. 
Надира (араб.) — салыстырылмайтын, сирек. 
Нәзира — жайнаған, көңілді 
Насима — көрікті, жұмсақ жүректі. 
Нафиса — әдемі, биязы, мәртебелі, қымбат. 
Нурия — жаны мейірімді, ашық жүзді, нұрлы келбетті. 
Рабиа — бәйшешек; төртінші. 
Райян – дүниеде ораза ұстағандар кіретін Жәннат қақпаларының бірі. 
Раиса (араб.) — жетекші. 
Райхан — ләззат, рақат; өсімдік атауы. 
Рауза — гүл бақшасы 
Рұқия — таңғажайып, өзіне байлап қоюшы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызының есімі. 
Сабира — шыдамды, сабырлы. 
Салима — дені сау. 
Сания – екінші. 
Сарра (Сара) —мәртебелі. Ибраһим Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі болсын) әйелі. 
Сафия — таза, анық, шынайы, таңдаулы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әпкесі, ержүрек сахаба әйел. 
Сәлсәбил – Құранда аталған Жәннаттағы бұлақ. 
Сумая — асқақ, биік. Дін жолында қаза болған тұңғыш мұсылман, сахаба әйелдің аты. 
Таухида — біріктіруші, негізін қалаушы. 
Тасним – Жәннаттағы бұлақ. 
Фатима — Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қызы. 
Хабиба — сүйікті, жақын, қымбатты. 
Халима (араб.) — жұмсақ, сабырлы. Мұхаммед Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) сүт анасы болған әйелдің есімі. 
Халиса — адал, берілген, шыншыл. 
Ханифа — турашыл, шыншыл. 
Шамсия — күн секілді.
31 тамыз 2018 ж. 2 873 0