СЕКСЕННІҢ СЕҢГЕРІНДЕГІ ҚОС ҚАРИЯ
«Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» депЛеонардо да Венчи айтқандай аудан тіршілігімен біте қайнасып, елеулі еңбегімен елге танылған еңбек арлегері Сергей Тоқсанбаев биыл 80 жасқа толды.
Мектеп қабырғасында оқып жүріп, көпшіліктің назарына іліккен. Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтында орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша білім алады. Бұдан кейін Сергей Әбдірахманұлы туған жерді түлетуге бар қажыр-қайратын салады. Аудандық спорт комитетінің төрағасы, коммуналдық шаруашылық мекемесінің басшысы қызметтерін абыроймен атқарған. Ал, зейнетке шыққанға дейін 21 жыл бойы аудандық баспахана директоры болды. Мұнда білікті басшы ретінде талай тірліктің бас-қасында болып, ауырпалық жүгін көтеруге тырысты. Сондай-ақ, аудан халқына күні-түні басылымның уақытылы шығып, тарауына өзіңдік үлесін қосты. Зайыбы Зоя Аюпова да ардақты азаматымен бірге 80 жасқа толып отыр. Зоя апай екеуінің отасқанына 60 жылға жуықтаған. Өмірге 2 ұл, 3қыз әкеліп, олардан 12 немере, 7 шөбере сүйіп отыр.
Зоя Алданқызы қазіргі №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп лицейде 35 жыл орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарған. Осы күні қос қария еңбектің зейнетін көріп, бақытты ғұмыр кешуде. Айта кеткен жөн Сергей Тоқсанбаев «Сырдария ауданының Құрметті азаматы».
Б.ОРДАБЕКОВ