Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нигериялық қара жігіт қырғызға күйеу бала атанды

Нигериялық қара жігіт қырғызға күйеу бала атанды


Достарыңмен бөлісіңіз 24 24 Shares НигериялыПаскаль Акило өзінің сүйіктісін Қырғызстанда жолықтырды. Мәскеуде 5 жыл тұрған қара нәсілді жігіт Қырғызстанға футбол ойнау үшін келген. «Бұл елге келуімнің себебі футбол ойнау үшін болды. Сондай-ақ, Қырғызстанның табиғаты мен мәдениетін де қатты ұнатып қалдым. Мұндағы халықтың бәрі бауырмал әрі мейірімді жандар. Мәскеуде 5 жыл тұрып, үйлендім. Алайда, көтерген шаңырағым сәтсіз боып, ажырасып кеттім. Бір ұлым бар. Дейтұрғанмен Қырғызстанға келіп махаббатымды қайта жолықтырдым. Жақында біздің тойымыз болады. Маған қырғыз халқының қыздарды тәрбиелеуі өте қатты ұнайды», — деді 32 жастағы Паскаль. Шет елдік жігіттің анасы мен үлкен ағасы Нигерияда тұрады. Қазіргі уақытта АҚШ-қа қоныс аударған. П.Акило Қырғызстанның той-томалақтарында ән айтып, ақша табатын көрінеді. «Бір тойдан 5000 сом табамын. Мені тойға жиі шақырады. Қырғыз тілін аздап түсініп келемін. Мен ән айта бастағаннан дүйім жұрт көңілді билей жөнеледі», — дейді нигериялық күйеу жігіт. Паскальдың айтуынша, Қырғызстанға алғаш келгенде даяшы қызметін атқарған. Кейін музыкант Мирлан Алыкуловпен танысып, бірігіп жұмыс істеп, қырғыз әндерін орындауды қалаған. Ән айтып жүріп, қырғыздың қызын алғалы жатқан жігіт осы өміріне ризашылығын білдірді.

http://arhar.kz/
30 наурыз 2018 ж. 2 074 0