Тіс жегінің алдын алуға арналды
Ауыз қуысында жиі кездесетін аурудың бірі – тіс жегі (кариес). Мұнда алдымен тістің эмалі үгітіледі де, содан кейін дентині ойылады. Сәбилердің сүт тістері, жалпы жас балалардың тістері жиі ойылады. Ал, мамандардың мәлімдеуінше, біздің елімізде ересектердің 80 проценті, тіс кариесіне ұшырайды екен.
«Сау тіс – ажарың» деп жатады көнекөздер. Әйтсе де, тісіміздің саулығын сақтауға келгенде көбіміз салғырттық танытып жататынымыз рас. Ең құрығанда жылына бір рет профилактикалық тексеруден өтіп, дәрумендер қабылдау да қаперімізге кірмейді. Сонан тек ауырып, ісіп, шарасыз жағдайда ғана дәрігер алдына барып жатамыз. Есесіне, тіс дәрігерлердің қолы жүріп, саудасы қызады. Сөйте тұра «тіс емдету тым қымбаттап кетті» деп шағым айтып, ренжиміз. Осындай түсініспеушіліктің жиі кездесуі салдарынан тіс дәрігерлері бүгінде тұрғындарға аурудың алдын алудың маңыздылығын айтып, тіс жегісін болдырмауға кірісті.
Бұған жақында жеке кәсіпкер, «Алма-Дент» клиникалар желісінің директоры, жоғары санатты стоматолог дәрігер, іскер әйелдер кеңесінің мүшесі Дүйсенкүл Тәжікова ұйымдастырған «Тіс жегісінсіз өмір сүруге болады» атты акцияда куә болдық.
Облыс көлемінде алғаш рет ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты жоғарыда айтып өткеніміздей, тіс жегісінің алдын алу, стоматолог дәрігерлерді ақпараттық-насихаттық шараға жұмылдыру, тұрғындар арасында ауруды болдырмауға ықпал ету.
Шараға қызылордалық стоматолог дәрігерлермен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының мамандары, «Атамекен» іскер әйелдер кеңесінің мүшелері шақырылды. Сондай-ақ, Алматы «Рада» дәрігерлік орталығы стоматология бөлімінің меңгерушісі, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, жоғары санатты стоматолог дәрігер Елена Волобуева, «Диарси Глобал» компаниясының өкілі Светлана Матагулина қатысып, аталған тақырып бойынша сала мамандарына семинар-тренинг өткізді.
– Қазіргі кезде ең жиі кездесетін ауыз қуысы ауруларының бірі – тіс жегісінің алдын алуға болатынын стоматолог дәрігерлерге де, тұрғындарға да түсіндіру, насихаттау өте маңызды. Бүгінде технологиялар дамып жатыр, сонымен бірге емдеу әдістері де, профилактикалық тәсілдер де жетілуде. Мүмкіндіктер мол. Қазір өздеріңіз білесіздер, стоматологиялық қызметтер бағасы күннен күнге көтеріліп жатыр. Осыған орай тұрғындар тарапынан реніштер туады. Негізі қызмет ақысы дәрігерлерге қатысты емес. Себебі, тұтынатын заттарымыздың барлығы шет елдерден әкелінеді. Отандық өнім атымен жоқ. Ал шетелдік өнімдер доллар бағамына, басқа да жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Сондықтан біз аурудың алдын алу қажет деген ойға тоқтадық. Екі күндік шара барысында дәрігерлерге профилактиканың тың тәсілдері мен тіс жегісін емдеудің жаңа әдістері оқытылды,– дейді Дүйсенкүл Тәжікова.
Шынында, ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеген әлдеқайда арзанға түсері белгілі.
Тіс адамның ажары ғана емес, денсаулығының кепілі. Сондықтан отыз тістің қадірін сауында білгенге не жетсін. El.kz порталында тіске қатысты мынадай қызықты мәліметтер жарияланыпты. Сіз де біле отырыңыз.
ХІХ ғасырда Еуропада тістің сарғыш болуы сәнге айналған. Көпшілік сол кезде тістерін арнайы сары түспен бояған екен. Естеріңізде болса, бір кездері бізде де алтын тіс сәнге айналып, қазіргі аға буынның көпшілігі маржандай аппақ сау тістерін бұзып алтынмен қаптатқан еді ғой.
Адам тістері екі-ақ рет өздігінен өседі. Біріншісінде, 20 сүт тіс пайда болса, кейіннен 32 тіс шығады. Айтпақшы, «сүт тіс» деп алғаш болып Гиппократ атап кеткен.
Мына қызықты қараңыз, әлемдегі ең қымбат тіс– Исаак Ньютонның тісі. 1816 жылы 3300 долларға сатып алынған бұл тіс иесінің жүзігінен орын тапқан.
14 мыңға жуық емделушінің зерттеп-бақылаған жапондық ғалымдар, күніне тістерін 3 рет тазалайтын адамдар үлкен салмақпен сирек кездесетінін дәлелдеді.
Алғаш тіс щеткалары Қытайда 500 жыл бұрын пайда болған. Олар доңыздың түгінен, борсық пен жылқының қылынан жасалған.
Қытайда 20 қыркүйек күні «Өз тістеріне махаббат» ұлттық мейрамы тойланады екен. Мүмкін тіс саулығына арнайы көңіл бөлетін, аурудың алдын алатын осындай бір күн бізге де керек шығар. Сіз қалай ойлайсыз?

Айнұр БАТТАЛОВА,
«Сыр бойы».