АСПИРИННІҢ СЕГІЗ СИҚЫРЫ
Аспириннің пайдасы медицинада ғана емес, күнделікті тұрмыста да шаш етектен. Тек оны біліп, қажет кезде пайдалана білсеңіз болғаны...
1. Аспириннің бір таблеткасын гүл тұратын ыдысқа салсаңыз, сыйлықтың ғұмыры ұзара түседі. Бұл әдісті сіздің де білетініңізге сенімдіміз.
2. Дәл осы флора тақырыбын жалғастырып көрелік, аспириннің топырақтың құрылымын жақсартатын қасиеті бар. Мәселен, қышқылдылығы төмендеп, саңырауқұлақпен зақымдалған топырақты аспиринмен емдеп көріңіз. Ол үшін бір литр суға бір таблетка аспиринді ерітесіз де, ауруға шалдыққан жерге құясыз.
3. Өте төмен температурада отырған аккумулятордың кесірінен көлікті оталдыру қиынға соғады. Сондайда, дистилденген аз ғана суға жарты таблетка аспиринді салыңыз да, ертіндіні құйыңыз. Аспирин мен электролиттің реакциясынан аккумуляторда қысқа уақытқа жететін қуат пайда болады. Бұл көлікті оталдыруға жетеді.
4. Аспириннің көмегімен теріден пайда болған дақтарды кетіруге болады.
Жарты стақан суға 2 таблетка аспирин салыңыз да, ертіндіні киім салынған кір жуғыш ыдысқа құйыңыз. Үш сағаттан кейін киімді шығарып алып, кір жуатын ұнтақпен жақсылап жуу керек.
5. Аспириннің терідегі қызыл дақтарды, безеулерді кетіруге шамасы жетеді. Сіздерге аспирин мен бал маскасын айтқан болатынбыз. Аспириннің әсері байқалмай жатса, рәсімді тағы да қайталаңыз. Соңында сабынмен жуып тастау керек.
6. Сүйел де, аяқтың қажалуынан пайда болған жарақаттар да аспириннен "қорқады". 5-6 таблетка аспиринді ұнтақтап, бір шәй қасық лимон шырынымен араластырыңыз. Кейін оған шәй қасық су қосасыз. Қоспаны жаралы жерге жағып, сулықпен орап тастайсыз да, полиэтилен қалтасын киесіз.
7. Егер сізді ара шағып алған болса, аспириннен көмек сұрап көріңіз. Ол үшін шаққан жерді дымқылдап, аспирин таблеткасымен ысқылаймыз.
8. Бассейндегі хлорлы судың боялған шаштарға кері әсер беретінін барлығы біледі. Егер сіз шашыңыздың түсін өзгерткіңіз келсе, бассейнге түскеннен кейін аспирин ертіндісімен шашты ысқылаңыз (бір стақан суға 6 таблетка аспирин), 15 минуттан кейін сүйікті су сабыныңызбен жақсылап жуасыз.
Аспиринді күнделікті тұрмыста пайдаланғаннан гөрі, "жедел жәрдем" ретінде қараған жөн. Сондай-ақ, қоспаларды қолданбас бұрын аспириннің сапасына, сақталу мерзіміне көңіл бөліңіз.
Пікір 2