Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Гүлдің балғындығын сақтап қалудың 9 жолы

Гүлдің балғындығын сақтап қалудың 9 жолы


Бұл мақаладан сізге сыйланған  гүл шоқтарының әсемдігін ұзақ сақтау үшін қалай күту керек екендігін оқи аласыздар.

1. Егер сіз гүл шоғын сыйлауға бекінсеңіз, таңғы уақытта жұлуға немесе сатып алуға тырысыңыз. Өйткені дәл таңғы уақытта  гүлдің ылғалдылығы мол болып, ол көп уақыт сақталуына әсер етеді.

2. Гүлді вазаға саларда алдын ала өткір пышақпен сабақтарын тіліп жіберген дұрыс. Ол суды жақсы сіңіруіне көмектеседі. Егер сіздің алдыңызда сирень немесе жасмин, хризантем немесе ырғай гүлдері болса, олардың төменгі жақтарындағы сабақтарын кесіп тастаңыз. Орталарына бір-бірлеріне тимеулері үшін матаның бөліктерін қойыңыз.

3. Вазадағы суға түскен жапырақтарды бірден алып тастап отырыңыз. Олардың көрік беруі екіталай, және судың сапасын нашарлатып, гүлдің тез солуына әкеп соқтырады.

4. Гүл салған вазаңыз бөлме температурасымен бірдей болуы керек. Қатты суық немесе ыстық су балғын гүлдерді бүлдіреді.

5. Егер суға  көмір  немесе көмір ұнтағының кішкене бөлігінің салып қойсаңыз, ол гүлдердің барлығына дерлік жақсы әсер етеді. Сондай-ақ гүлдің балғындығын ұзақ уақыт сақтау үшін  суға аммияның бірнеше тамшысын немесе 1 қасық ас тұзын қосуға болады.

6. Ал өте жиі сыйланатын раушан мен гүлзар гүлдері  сәл қант қосылған суда тұрғанды жақсы көреді, әсіресе гүлзарлар. 1 литр суға 1 қасық қант жеткілікті.

7. Сондай-ақ гүлзарлар ұзақ сақталуы үшін суға жарты таблетка аспирин салып жіберіңіз.  Аспиринді хризантема мен георгин салынған суға да қосуға болады.

8. Ал егер екі литр суға бір шай қасық  аммоний немесе алкогольді камфора құйып жіберсеңіз гүлдердің бүршік атуын жылдамдатады.

9. Өзіңізге сыйланған гүл букетін вазаға салып, оны ұмыт қалдыруға болмайды. Егер оның күнде суын ауыстырып, сабақтарын кесіп, күтім көрсетіп отырса ұзақ сақталады. Сондай ақ су құйылған вазаны гүлдің сабақтары толық жауып тұруын қадағалаңыз, ауа тығыны болмау керек.
 
Дереккөзі: zhenskoeschastie.com 
06 наурыз 2018 ж. 1 676 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 00:43
Cialis Generika Versand Comprar Cialis En La Farmacia online cialis Acheter Vrai Viagra En Ligne Amoxicillin Dental Use

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 02:26
Pimple online pharmacy Prezzi Levitra Generico Onlinepharmacy24 Comprar Alli Adelgazante Online