КАРТОПТЫ РУЛЕТ
Қажетті заттар:
*. 4 картоп
*. 2 жұмыртқа
*. Тұз
*. Қара бұрыш
Ішіне:
*. 200 гр фарш
*. 1 сәбіз
*. 2 пияз
*. Тұз
*. Қара мен қызыл бұрыш
*. 1 ас қасық томат
Бір табада фарш пен пиязды жақсылап қуырыңыз. Сәбіз қосқан соң тұздап, бұрыштаңыз. Томат қосып араластырып пісіріңіз да, астын өшіріп суытыңыз. Картоптарды тазалап, жуыңыз. Ірі үккіштен өткізіп, тұз бен қара бұрыш қосыңыз. Картоптан шыққан артық суды төгіп, картопты жұмыртқамен араластырыңыз. Духовка ыдысының үстіне арнайы майлы қағаздан төсеп, соның үстіне картопты тегістеп жайыңыз. Картоп сәл қызара бастаған кезде духовкадан шығарып, аздап суытып алған соң арасына фарштан қойып ораңыз. Ораған кезде қағазды жәймен алып тастаңыз. Рулетті жақсылап қысып алып, 3-4 минутқа қайта духовкаға қойыңыз. Духовкадан шығарып жақсылап суытып, тұраңыз.
АСТАРЫҢЫЗ ДӘМДІ БОЛСЫН!!!