Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№77 газет

10 қазан 2026 ж.

№76 газет

06 қазан 2026 ж.

№75 газет

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Столичный кексін жасап үйренейік

Столичный кексін жасап үйренейік


Бізге қажет нәрселер: 

250 гр сары май 
3 жұмыртқа 
разрыхлитель 
200 гр қант 
250 гр ұн 
қант пудрасы (үстіне себу үшін) 
қара мейіз 

Дайындалуы: 
Алдымен сары майды жақсылап ерітіп, араластырыңыз. Қант қосып, ол толық ерігенше араластыруды жалғастырыңыз. Осы қоспаның ішіне бір-бірден жұмыртқа жарыңыз. Ұн мен разрыхлительді електен өткізіп, қасықпен жайлап қоспамен араластырыңыз. Мейізді жылы суда біраз ұстап, кептіріңіз де, ұнға малып қамырға қосыңыз. Араластырыңыз. Майланған және үстіне аздап ұн себілген ыдысқа қамырды қойып 160С ыстық пеште үсті қызарғанға дейін пісіріңіз. Піскен кексті жақсылап суытып алып қана үстіне қант пудрасын електен өткізіп сәндеңіз.
31 мамыр 2018 ж. 1 211 0