«Бізден сұраңыз – біз қасыңыздамыз» акциясы: халыққа қолдау көрсету – басты міндет
Ағымдағы жылдың 25-27 тамыз күндері аралығында «Бізден сұраңыз – біз қасыңыздамыз» атты акциясы ұйымдастырылды.Акцияның басты мақсаты – тұрғындарға құқықтық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету, азаматтардың мәселелері мен өтініштерін тыңдап, әрбір жағдайға байланысты қажетті кеңес пен қолдау ұсыну.
Шара барысында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қиын жағдайға тап болған жандарға көмек көрсету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сонымен қатар тұрғындарға өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жолдары түсіндірілді.
Акцияның тағы бір маңызды бағыты – халық пен құқық қорғау органдары арасындағы өзара сенімді нығайту. Тұрғындардың мәселесіне құлақ асып, дер кезінде қолдау көрсету – құқық бұзушылықтың алдын алудың және қоғамдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды тетігі.
Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға қолдау көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.








