Құқық бұзушылықтың алдын алу мәселесі бойынша комиссия отырысы өтті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелер басшылары, комиссия мүшелері және ауылдық округ әкімдері қатысты.Күн тәртібінде есірткі қылмыстарын болдырмау және алдын алу мақсатында айқындалған міндеттер туралы, есірткі егу алқаптары анықталған жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару және жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушыларға заңмен белгіленген жауапкершіліктерін түсіндіру жұмыстары туралы және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, пробация қызметінде есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру туралы үш бірдей мәселе қозғалды.
– Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Маңызды міндеттің бірі – есірткі саудасына және нашақорлыққа қарсы күрес. Қазіргі қоғамда есірткі мәселесі күн санап ушығып барады. Осы әлеуметтік кеселмен бәріміз жұмыла күресуіміз қажет» - деген болатын.
Осы бағытта аудан көлемінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмыстарын анықтау және жолын кесу, сонымен қатар, профилактикалық іс-шаралардың тиімділігін арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылуда, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан әкімі құқық бұзушылықты болдырмау және алдын алу үшін құқық қорғау органдары мен тиісті сала басшыларына шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










