Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға құқық қорғау органдарының өкілдері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, комиссия мүшелері, сондай-ақ кент және ауылдық округ әкімдері қатысты.

Комиссия отырысының күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Бірінші мәселе аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бағытында атқарылған шаралар туралы Сырдария аудандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б.Мейрамбекұлы хабарлама жасады. Екінші мәселе бойынша Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Г.Тұрлыбеков аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімімен сыбайластық көріністерін болдырмау, жариялықты қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарына тоқталды. Үшінші мәселе ауылдық округ әкімдігімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бағытында атқарылған шараларға С.Сейфуллин ауылдық округ әкімі Б.Қыдырбаев баяндама жасады.

– Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік басқарудың тиімділігіне, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сеніміне және қоғамның тұрақты дамуына кері әсер ететін өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан оның алдын алу, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – барша мемлекеттік қызметшілер мен жергілікті атқарушы органдардың ортақ міндеті, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша аудан басшысы комиссия мүшелеріне тапсырмалар беріп, тиісті шаралар қабылдау қажеттілігі жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі
22 тамыз 2026 ж. 55 0