Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№60 газет

11 тамыз 2026 ж.

№59 газет

08 тамыз 2026 ж.

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Негізгі көрсеткіштер өсім көрсетті

Негізгі көрсеткіштер өсім көрсетті

Ауданда әлеу­меттік-эконо­микалық даму бағы­тын­дағы жұ­мыс­тар жүйелі түрде жал­ғасып, халықтың әл-ауқатын арттыруға, эконо­миканың тұрақты өсімін қамтамасыз етуге және әлеуметтік саланы дамытуға басымдық берілуде. Жыл басынан бері негізгі салаларда бірқатар ауқымды жобалар жүзеге асырылып, өндіріс, бюджет, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту және абаттандыру бағыттарында нақты нәтижелерге қол жеткізілді. Атқарылған жұмыстардың қорытындысы аудандық мәслихаттың кезекті сессиясында жан-жақты сараланды.

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қаты­суымен аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Жиынға аудандық мәслихат төрағасы, мәслихат депутаттары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты. Сес­сияда аудан әкімі 2026 жылдың бірінші жар­тыжылдығында атқарылған жұмыстар бо­йынша есеп берді.

– Мемлекет басшысының тапсырмасымен, аймақ басшысының қолдауымен аудан­да барлық негізгі макроэкономикалық көр­сеткіштердің өсімі қамтамасыз етілуде. Аудан бюджеті жыл басында 10 млрд теңгеге бекі­тілсе, шілде айындағы нақтылаумен 13 млрд теңгеге жетті. 2026 жылдың 1 шілдесіне өнер­кәсіп орындары 55,8 млрд теңгенің өнімін өндіріп, көрсеткіш 4 есеге ұлғайса, өңдеу өнер­кәсібі 6,3 млрд теңгені құрап, 32,2 пайызға өсті. Сонымен қатар ауданның әлеуметтік және қоғамдық өмірінің барлық бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Денсаулық сақтау саласы заманауи медициналық құрал-жабдықтармен толықтырылып, «Терапия» бөлім­шесі жаңғыртылды. Мәдениет саласында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, аудан өнерпаздары түрлі деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Сондай-ақ спорт саласында аудан спортшылары 216 медаль жеңіп алды. Жастар саясаты, абаттандыру, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағыттарында да жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Ауданды дамыту бағытында Мемлекет басшысының тапсырмаларын бас­шылыққа алып, облыс әкімінің қолдауымен жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Осы ретте, аудандық мәслихат депутаттарының да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жүрген үлесін ерекше атап өткім келеді. Сіздер маңызды бастамалардың жүзеге асуы­на, өзекті мәселелердің оң шешім табуына әрдайым белсенді атсалысып келесіздер, – деді аудан басшысы.

Жалпы 2026 жылдың бірінші жарты­жыл­дығында ауданда жоспарланған мін­деттерді орындау бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып, бірқатар маңызды көрсеткіштерге қол жеткізілген. Алдағы кезеңде де ауданның экономикалық әлеуетін арттыру, әлеуметтік нысандардың сапасын жақсарту, халықты жұмыспен қамту және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай қалыптастыру ба­ғы­тындағы жұмыстар жалғасын табады. Айта кетейік, сессия қорытындысымен күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті ше­шімдер қабылданды. Сессия барысында қабылданған шешімдер маңызды міндеттердің тиімді жүзеге асуына негіз болып, ауданның одан әрі дамуына серпін бермек.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
11 тамыз 2026 ж. 57 0