Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 101 мектеп салынып жатыр

Қазақстанда 101 мектеп салынып жатыр

Қазақстанда жыл басынан бері 59,3 мың оқушыға арналған 101 мектептің құрылысы жүргізілуде. Биыл оның 84-ін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал 17 мектептің құрылысы 2027 жылы жалғасады. Сонымен қатар еліміздегі 307 мектепте кешенді жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, 2026 жылы мектептерде тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға жергілікті бюджеттен 209,8 млрд теңге бөлінді. Қазіргі таңда 1,7 млн оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.
19 шілде 2026 ж. 292 0