Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

ФУТБОЛ


Арқа қозар күйге түсті енді өмір,
Алып жатқан сиқырлық бар сенде бір.
Аламанға ақ тілеуін ант тұтқан,
Ала доппен дуаланған пенде кіл.

Бүгін финал, тарқайтын күн базары,
Бар әлемнің ауған мұнда назары.
Билет те жоқ стадионда орын жоқ,
Бұдан асқан жанның болмас азабы.

Жанкүйерлер шулап, қолдап жатқасын,
Жігіттердің басындағы бақта сын.
Жанын салып Зиданменен Фигу жүр,
Жанай алмай қарсы жақтың қақпасын.

Рональдо бар қуат-күш өзінде,
Бойында оның жанып жатыр төзім де.
Алдап-арбап топты жарып өтті де,
Голды соқты, тұрды берген сөзінде.

Айқай-шудан бұлт басқандай аспанды,
Бір керемет думан-той да басталды.
Ақ көйлекті арыны мол жігіттер,
Алаңға кеп жазды жеңіс дастанды.

Шулап-шулап алаң қайта жиды есін,
Ал кеп енді тұс-тұстан жұрт билесін.
Жеңгендер мен жеңілгендер салтты ұстап,
Ауыстырып киіп жатты жидесін.

Футбол деген баршамызға бақ қандай,
Жаның содан тәтті ләззат тапқандай.
Татулыққа, достыққа да жол ашып,
Бар әлемді біріктіріп жатқандай.

Мұхтар САҚТАПОВ,
жанкүйер
18 шілде 2018 ж. 876 0