Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Әлемді тамсандырған астана

Әлемді тамсандырған астана

Аудандық мәдениет үйінде Астана күніне арналған «Астана – асқақ арманның ақ ордасы» тақырыбында салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, халық қалаулылары, зиялы қауым өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.

Салтанатты іс-шарада аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлы сөз сөйлеп, жи­нал­­ған жұртшылықты мерекемен құт­тық­тады.

– Сіздерді 6 шілде – Астана күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Астана – Тәуелсіздігіміздің тұғыры, елдік мұрат­тарымыздың алтын діңгегі. Бұл қала – халқымыздың бірлігі мен жасампаз еңбегінің жемісі» деп ерекше атап өтті. Президентіміз «Елдің қуаты – аймақтардың дамуымен өлше­­неді» деген ұстанымды әрдайым басшылыққа алып келеді. Сондықтан өңірлердің әлеуетін арттыру, халықтың тұрмыс сапасын жақсарту, ауылдарды дамыту, кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қала береді. Бүгінде Сырдария ауданы да ел дамуының ортақ бағытына үн қосып, әлеуметтік-эконо­микалық тұрғыдан тұрақты дамып келеді. Өңірімізде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылып, жаңа бастамалар қолға алынуда. Бұл – ел бірлігі мен берекелі еңбектің, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдаудың нақты нәтижесі. Астана – азат еліміздің асқақ арманының жүзеге асқан жарқын көрінісі, Тәуелсіздіктің тұғыры мен жаңар­ған Қазақстанның бет-бейнесі. Қысқа уақыт ішінде әлем назарын өзіне аударған бас қаламыз ұлттық рух пен заманауи дамудың үйлесімін танытып келеді. Елордамыздың әрбір жетістігі – халқымыздың бірлігі мен ынты­мағының, жасампаз еңбегі мен жарқын болашаққа деген сенімінің жемісі. Астана – елдіктің, өркендеудің және жаңа мүмкіндіктердің қаласы. Осы мерекеде әр шаңыраққа шаттық пен береке, зор денсаулық, баянды бақыт тілеймін. Еліміздің мерейі үстем, бірлігіміз бекем болсын! Астанамыздың абыройы асқақтап, келешегі кемел, келбеті көркейе берсін, – деді аудан әкімі.

Бұл ретте, мереке аясында бірнеше азамат аудан әкімінің мерекелік «Алғыс хатына» ие болды. Марапат төрі­­нен көрінген жандарға зор құрмет көрсетілді. Іс-шарада Астана күні – елдігімізді, бірлігімізді және Тәуел­сіздігімізді ұлықтайтын айтулы күн екені кеңінен насихатталды. Ұлттық бірлік­тің алтын діңгегі саналатын елор­­даның мәртебесі айшықталды. Аудан­дық мәдениет үйінің өнерпаздары ән­нен шашу шашты. «Дала дидары» халық­тық мәдени-үгіт бригадасының мүше­лері бас қаланың көрікті келбетін көркем сөзбен суреттеп, тарихи мәнін айқындай түсті.

«Тт» ақпарат
04 шілде 2026 ж. 110 0