Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 32 газет

03 мамыр 2025 ж.

№ 31 газет

29 сәуір 2025 ж.

№ 30 газет

26 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Татулықтың символы – мызғымас бірлік

Татулықтың символы – мызғымас бірлік

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай орталық алаңда «Менің Қазақстаным» атты мерекелік іс-шара өтті. Салтанатты жиынға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Еспенбетов және зия­лы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында этно-мәдени орталықтар мен жас сурет­шілер көрмесі және мәдени-спорттық көрмелер ұйымдастырылып, қо­нақ­тар назарына ұсынылды.

Аудан басшысы этно-мәдени бір­лестік көрмесін тамашалап, көп­ші­лікті айтулы мерекемен құттық­тады. Қазақстан халқының бірлігі күні мере­кесінің маңызын ерекше атап өтті.

– Баршаңызды бейбітшілік пен келі­сім­нің, достық пен татулықтың үлгісіне айналған «1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – берекелі бірлік пен ырысты ынтымақты дәріптейтін, өзара құрмет пен сенім­нің темірқазығы. Дана халқымыз «Дамудың сыры – бірлікте, табыстың сыры – тірлікте» деген. Ауызбіршілік пен сыйластық үстемдік құрған жерде ғана нәтижелі істердің болатыны сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ жерін мекен еткен сан алуан этностың мәдениеті, діні мен дәстүрі өзара үндесіп, бірегей өркениетке айналды. Бүгінде еліміздің барша азаматтары біртұтас ұлт болып Әділетті Қазақстанды құрып жатыр. Ырысты ынтымақтың арқасында халқымыздың қуаты арта түседі» деп ерекше атап көрсетті. Сырдария ауданында еліміздегі 130-дан астам ұлт пен ұлыстың 16 этнос өкілдері мекен етеді. Аудандық Ассамблеяның құрамы – этно-мәдени бағыттағы бірлестік өкілдерінен, қоғамда өзіндік орны азаматтардан тұрады. Ассамблея қазіргі таңда, «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «медиация» бойынша жұмыстар атқаруда. Достық пен татулық, ынтымақ пен бірлік мерекесінде Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, шаңы­­рақтарыңызға бақ-береке ті­лей­мін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, бір­лігіміз бекем болсын! Бейбіт өмірдің бере­кесі, халқымыздың ырыс-несі­бесі арта бер­сін, – деді Берік Әбдіғап­пар­ұлы.

Мерекелік концерт барысында өнерпаздар әннен шашу шашып, халық­­тардың ұлттық биін орындады. Сондай-ақ түрлі этнос өкілдері өз өнерлерін ортаға салып, халқымыздың бір­лігін, достығын және мәдени ын­ты­­­­мақтастығын паш етті. Ұлттар арасындағы достық пен өзара құр­метті нығайтуға үлес қосып жүрген азаматтар аудан әкімінің Алғыс хаты­мен марапатталып, сый-құрмет көр­сетілді. Марапат төрінен көрінген жандар арасында әріптесіміз, аудан­дық «Тіршілік тынысы» газетінің тіл­шісі Гүлсезім Табынбай бар.

«Тт» ақпарат

03 мамыр 2025 ж. 270 0