Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл мектебі түлегінің жетістігі

Ауыл мектебі түлегінің жетістігі

Қызылорда қаласындағы аймақтық тестілеу орталығында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеуде Альфия Балхан ең жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, 140 балл жинады.

Талапкер негізгі білім сынағында «Қазақ тілі – қазақ әдебиеті» пәндері комбинациясы бойынша 138 балл иеленген. ҚАЗТЕСТ нәтижесіндегі «Қазақ тілі» пәні бойынша балын конвертациялап, жалпы көрсеткішін 140-қа жеткізді.

Жалағаш ауданы Еңбек ауылындағы №232 М.Байділдаев атындағы орта мектептің түлегі ҰБТ-ға дайындықты 11-сыныпқа өткеннен бастап жүйелі жүргізген. Таңдаған мамандығы – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Талапкердің сөзінше, қазақ әдебиетіне қызығушылығы мен ана тіліне құрметі болашақ мамандығын таңдауға негіз болған.

Сондай-ақ ол ҰБТ-ға дайындық барысында қолдау білдірген ата-анасы мен ұстаздарына алғысын жеткізді.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

02 шілде 2026 ж. 44 0