Бұршақ, жел, жауын - сәрсенбіге арналған ауа райы
Kyzylorda-news.kz. «Қазгидромет» РМК 3 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады. Жел күшейеді, бұршақ, дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты жаңбыр, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерінде 30 м/с жетуі мүмкін.
Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанда, Атырау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-22 м/с күшейеді.
Ақтөбе облысының түнде кей жерлерінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жетеді.
Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерлерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қауіпі сақталады.