Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді барша мұсылман қауымы үшін қадірлі де қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – адамзатты ізгілікке, мейірім мен жанашырлыққа үндейтін, ынтымақ пен бірлікті нығайтатын ұлық мереке. Бұл күндері халқымыз ата-бабадан жалғасқан асыл дәстүрлерді дәріптеп, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасауды сауапты іс деп біледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев:
«Бұл – имандылық пен мейірімділіктің, адамгершілік пен адалдықтың, жанашырлық пен жауапкершіліктің мән-маңызын арттыра түсетін мейрам. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Халқымыздың берекелі бірлігі осындай ізгі құндылықтардың арқасында нығая түседі», – деп атап өткен болатын.

Расында, Құрбан айт – татулық пен бауырмалдықтың, кешірім мен кеңпейілділіктің мерекесі. Осындай ізгі құндылықтар қоғамымыздағы тұрақтылық пен ынтымақты одан әрі бекемдей түседі.

Осынау қасиетті мейрамда әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, молшылық пен қуаныш тілеймін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман, бірлігіміз бекем болсын!

Құрбан айт қабыл болсын!

27 мамыр 2026 ж. 322 0