Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Аймақ басшысының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Аймақ басшысының Құрбан айт мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!

Баршаңызды күллі мұсылман қауымы асыға күткен Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – асыл дініміздің ізгілігі ұлықталатын, адамзат баласын мейірім мен қайырымдылыққа, бауырмалдық пен татулыққа үндейтін ерекше мейрам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы «Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі. Біз еліміздегі тұрақтылықтың қадірін біліп, татулықты сақтау арқылы кез келген сыннан сүрінбей өтіп, биік мақсаттарға жетеміз. Әділетті, Таза, Қауіпсіз әрі Қуатты Қазақстанды бірге құрамыз», – деген болатын.

Бүгінде Сыр өңірінде ұрпақтар сабақтастығына негізделген игі бастамалар жалғасын тауып келеді. Айт күндері ата-баба дәстүрінің ізімен мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылық жасауға,жанашырлық танытуға ерекше мән беріледі.
Құрбан айтта шалған құрбандықтарыңыз, ниет-амалдарыңыз қабыл болсын! Ұлық мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақыт, құт-береке тілеймін.

Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!

27 мамыр 2026 ж. 370 0