Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың Құрбан айт мерекесімен құттықтауы
Ардақты әлеумет!
Баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Құрбан айт – халықтың рухани тұтастығын нығайтып, имандылық пен ізгілікті дәріптейтін, күллі мұсылман қауымы асыға күтетін ұлық мейрам.
Осы күндері жүрегіне иман ұялаған әрбір жан жақсылық жасауға асығып, мұқтаж жандарға көмектесіп, қайырымдылық арқылы ауызбірліктің, бауырмалдықтың жарқын үлгісін көрсетеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Бұл мереке Қазақстанда тұратын түрлі этнос және конфессия өкілдерінің өзара сыйластығы мен құрметін арттырып, достығын нығайта түседі. Халықты береке-бірлікке шақырып, ырыс-ынтымағын еселейді. Бейбітшілік пен ізгіліктің бастауы болған ата дініміздің басты мәні – осында», - деген болатын.
Ұлттық тұтастығымызды бекемдейтін қасиетті мейрамда шалған құрбандықтарыңыз бен ізгі амал, ниет-тілектеріңіз қабыл болғай!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін.
Құрбан айт баршамызға жақсылық әкелсін!