Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сырдариялықтар – 37 973 адам

Сырдариялықтар – 37 973 адам

2023 жылдың қорытындысы бойынша ауданымыздың осынша тұрғыны бар. Бұл туралы нақты деректі тиісті бөлімдерден, сала мамандарынан анықтадық. Індете зерттеу барысында мынадай ақпаратқа қол жеткізе алдық.

Жекелей тоқталып өтсек, көрсетілген 37 973 адамның 11 167-сі – кент орталығының тұрғыны. Оның 5685-і – ер кісі болса, 5482-сі – әйел адам. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі кент тұрғындарының жал­пы саны – 2767, 16-29 жас аралығындағылар саны – 2459-ды құрайды. Ал 30-62 жас аралығындағы 4375 тұрғын бар. Одан үлкен жастағы 1566 тұрғын бар. Сондай-ақ жалпылама халық саны бойынша Аманкелді ауылында – 2711, Айдарлы ауылында – 1615, А.Тоқмағамбетов ауылында – 1520, Іңкәрдарияда – 800, Н.Ілиясовта – 2235, Жетікөлде – 676, Ақжарма ауылында – 2615, Бесарықта – 2315, Қалжан ахунда – 1113, Қоғалыкөлде – 2451, С.Сейфуллин ауылында – 1612, Шағанда – 4433, Шіркейліде – 2710 адам бар. Көрсетілген деректерге сүйенсек, ауылдық округтер бойынша халық ең көп қоныстанған ауыл ретінде Шаған ауылын айта аламыз. Ал тұрғын саны ең азы – Жетікөл ауылдық округі. Жалпы аудан тұрғындарының саны 2022 жылмен салыстырғанда 0,3 пайызға артқан. Оның ішінде халық саны табиғи жолмен және көші-қон бойынша артып яки кеміп отырғанын айта кету орынды.

Сондай-ақ ауданымыздың жер көлемі бойынша да ақпарат келтіру орынды. Атап айтар болсақ, Сырдария ауданының жалпы жер көлемі – 4 260 636 гектарды құрайды. Оның ішінде 11 178 гектары – Тереңөзек кентіне тиесілі. Ауылдар бойынша айтатын болса, жер көлемі бойынша ең үлкені – Асқар Тоқмағамбетов ауы­лы – 864 325 гектар. Одан кейін Іңкәрдария ауылы тұрақтайды, жер көлемі – 695 130 гектар. Кезектілік бойынша жер көлемінен Аманкелді ауылдық округі (587 111 га), Бесарық (346 456 га), Айдарлы (237 302 га), Ақжарма (31 694 га), С.Сейфуллин ауылы (26 697 га), Қоғалыкөл (21 722 га), Шаған (21 173 га), Шіркейлі (20 334 га), Жетікөл (17 595 га), Н.Ілиясов ауылы (15 198 га) және Қалжан ахун ауылын (8619 га) айта аламыз.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
Фото: ашық дереккөзден
02 наурыз 2024 ж. 180 0