Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Судың да сұрауы бар

Судың да сұрауы бар

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен жария тыңдалым өткізілді. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Роллан Еспенбетов, «AMANAT» партия­сы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты Алмас Есназар, «Сыр суы» филиалының қызметкерлері қатысты.

Жалпы, жиында тариф «Қазсушар» РМК «Сыр суы» филиалы теңгеріміндегі 6 топтық және 6 оқшау арқылы ауыз­суды тұтынушыларға жеткізумен қатар сар­қынды суды бұру қыз­меттерін жүзеге асыру жайлы айтылды.

Фил­иалдың қызмет көр­сету аумағында жалпы саны 495 234 халық болса, або­ненттердің жалпы саны 95 278. Оның ішінде, топтық су құбырлары арқылы 135 елді ме­кенді 349 551 тұрғынды және таратушы жү­йелер арқылы 59 елді мекенді 145 683 тұрғынды ауызсумен жә­не 5821 тұрғынды сарқынды суды бұру (кәріз) қызметтерімен қам­тамасыз етеді.

– Амортизация қаражаты есебінен Қызылорда қа­ласына қа­расты Сырдария ау­дан­дарындағы тозығы жеткен ауыз­су нысандарына күрделі жөндеу және қайта жаң­­ғырту жұ­­мыстары жос­парланған. Іс­тен шыққан насос қон­дырғыларын за­манауи ЭЦВ, ГНОМ, 1К, ЦНС маркалы на­состармен ауыстыру, электр қондырғыларын жаңғырту, сондай-ақ ауызсу нысандарын автоматтандыру және цифр­ландыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылады, – деді «Сыр суы» филиалы директоры міндетін атқарушы Ержан Әмишаев.

Өз кезегінде филиалдың шығынсыз жұмысын қалып­тастыру және тұты­ну­шыларға сапалы ауызсу беру қызметін үздіксіз атқару үшін тарифті өсіруге өтінім ұсынылды. «Сырдария кәріз желілері» арқылы бес кәріз насос станциясы мен ұзындығы 12,095 шақырым кәріз желісі арқылы 1 345 тұрғынға қызмет көр­сетіліп отырғаны жөнінде кеңінен ақпарат берілді. Бұл бағыттағы басты міндеттер фил­иалдың шығынсыз жұ­мы­сын қамтамасыз ету, ны­сандардың тозуын азайту жә­не әлеуметтік мәселелерді шешу екенін сала мамандары жеткізді.


А.ӨТЕПБЕРГЕНОВА
19 мамыр 2026 ж. 48 0