Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Ауыз су сапасы – сала мамандарының күнделікті еңбегі

Ауыз су сапасы – сала мамандарының күнделікті еңбегі

Қоғамның тыныс-тіршілігі кейде көзге көріне бермейтін, бірақ аса маңызды салалардың еңбегіне тікелей байланысты. Соның бірі - ауыз су мен кәріз жүйесінің үздіксіз жұмыс істеуі. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына «Қызылорда су жүйесі» мекемесінің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы Маржан Сырманова келіп, салада атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

- Мен «Қызылорда су жүйесі» мекемесінде өндірістік-техникалық бөлімснің бастығы қызметін атқарамын. Бөліміміздің негізгі мақсаты – ауыз су және кәріз су нысандарын үздіксіз сенімді әрі қауіпсіз сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Біз апаттардың алдын алып, инфрақұрылымды дамыту бойынша жоспарларды тізіп, солармен жұмыс істеп, жоба сметалық құжаттарды әзірлейміз. 2004 жылы осы жұмысқа кірген кезде қаламызда 300-ге жуық ғана ауыз су жүйесі мен 200-ге жуық кәріз жүйесі болған. Қазіргі таңда 1000 шақырымнан аса ауыз су жүйесі болса, оның 457 шақырымы кәріз жүйесін құрайды. Сонымен қатар, мекемеде базалық зертхана жұмыс істейді, онда күнделікті су сынамалары алынады. Бүгінде ұжымда 617 қызметкер жұмыс істесе, оның 400-ге жуығы жұмысшы мамандар. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында кәріз сумен жұмыс істейтін қызметкерлерге шипажайларға жолдама беріліп, айлық жалақысы 20 пайызға артты,- деді Маржан Сырманова.

09 қаңтар 2026 ж. 415 0