Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Болашаққа бағдар: цифрландыру – заман талабы

Болашаққа бағдар: цифрландыру – заман талабы

Мемлекет басшысының Жолдауында экономиканы жаңғыртудың басты бағыты ретінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу ерекше атап өтілген болатын. Президент өз сұхбатында «Қазақстан цифрлық державаға айналуы керек. Бұл – қазіргі жаңа технология дәуірінде өркениетті ел болып қалудың бірден-бір жолы. Халқымыздың ой-санасы мұндай инновацияларға дайын екеніне сенімдімін. Қазақстан да экономика мен қоғамдық өмірге жасанды интеллектіні енгізуге басымдық беріп жатыр. Еліміздің бұл жұмысқа қатысты бастапқы мүмкіндіктері жаман емес» деді. Бұл бастама бүгінде нақты нәтижесін беріп, өңдеу өнеркәсібі мен энергетика салаларында жоғары технологиялы жобалардың жүзеге асуына жол ашуда.

Қазіргі кезең – технология қарыштап да­­мыған, ақпарат ағыны еселеп артқан цифрлық дәуір. Әлем елдері экономиканы, мем­лекеттік басқаруды және әлеуметтік салаларды жаңа деңгейге көтеру үшін цифр­ландыру үдерісін жедел енгізіп келеді. Бұл – уақыт талабы ғана емес, елдің бә­секеге қабілеттілігін айқындайтын басты фак­торлардың бірі. Сандық технологиялар өнді­ріс тиімділігін арттырып, қызмет көрсету сапасын жақсартып, азаматтардың өмір сүру дең­гейін жаңа белеске көтеруге мүмкіндік береді.

Бұл орайда жақында аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, цифрландыру және жасанды интеллект саласын дамыту мәселесі қаралды. Мәжіліс барысында аудан әкімі ауданда цифрландыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

– Цифрландыру – экономиканың бар­лық саласының тиімділігін арттыратын негіз­гі құрал. Сондықтан біз әрбір мекемеде цифрлық шешімдерді кеңінен енгізіп, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жаңа деңгейге көтеруіміз қажет, – деді. Сондай-ақ барлық бөлім мен мекемелерге қызмет сапасын арттыру мен ашықтықты қамтамасыз етуде цифрлық жүйелерді же­тіл­діруді тапсырды.

Бұл ретте қазіргі таңда цифрлық технологиялар түрлі салада кеңінен қолданысқа еніп жатқанын айта кету орынды. Арнау­лы оқыту жұмыстары жүйелі жүргізіліп жат­қанын да тілге тиек етуге болады. Мысалы, 2023 жылдан бері Қорқыт ата университеті базасында Сеул ұлттық ғы­лым және технология университетімен бір­лесіп ашылған Жасанды интеллект инс­титуты жұмыс істейді. Онда 240 студент білім алады, түлектер өндіріс, білім беру, денсаулық сақтау және қызмет көрсету салаларына жасанды интеллектіні енгізумен айналысады. Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалының, «Kyzylorda HUB» және Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің бастамасымен қолға алынған «Amanat AI ToT» өңірлік тре­нерлерді оқыту бағдарламасы Сырдария ауда­нындағы білім ордасы мен мекеме­лерде өтіп жатқанын айтып өтуге болады.

Цифрландырудың енгізілуі эко­номикаға да тың серпін беруде. Кәсіпкерлік саласында жаңа бизнес үлгілері қалыптасып, электронды сауда қарқынды дамуда. Сонымен қатар өндіріс орындарында автоматтандыру мен роботтандыру үдерістері күшейіп, еңбек өнімділігі артып келеді. Бұл өз кезегінде елдің экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді. Қоғам өмірінде цифр­ландырудың рөлі айқын сезілуде. Жасанды интеллект — адамзат ойының жемісі, күрделі әрі сан қырлы нәтиженің бірі. Цифрландыру – қоғамның барлық саласын қамтитын кешенді жаңғыру үдерісі. Оны тиімді жүзеге асыру – мемлекеттің тұрақ­ты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арт­тырудың кепілі болмақ.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
01 мамыр 2026 ж. 75 0