Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 26 газет

12 сәуір 2025 ж.

№25 газет

08 сәуір 2025 ж.

№24 газет

05 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен спорт клубы жабдықталды

«Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен спорт клубы жабдықталды

Бүгін аудан әкімі Берік Сәрменбаев облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергеновпен бірге Айдарлы ауылында «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен жабдықталған спорт клубтың жұмысымен танысты. Аудан басшысы спорттық нысандағы жаттығу залдары мен секцияларды аралап көрді.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тікелей бастамасымен денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларындағы мәселелерді шешу мақсатында құрылған «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры арқылы ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың қолдауымен қоғамдық қормен тығыз байланыс орнатылып, өңірімізде бірлескен үлкен жобалар қолға алынған. Кеше ғана облыс орталығында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қолдауымен бой көтеретін дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің іргетасы қаланды. Жалпы, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры аймағымызда 7 млрд. 150 млн теңгенің жобаларын жүзеге асыруда. Соңғы екі жылда өңірдің денсаулық сақтау саласына 4 млрд. 800 млн. теңге қаржы бағытталды. Оның қатарында ауданға қарасты Айдарлы ауылында спорт клубқа спорттық құрал-жабдықтар алынып, бөлмелер жабдықталды, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Елді мекенде бұқаралық спортты дамыту бағытындағы жұмыстар туралы ауыл әкімі Нұрбол Жұмабеков ақпарат берді.

2024 жылы босаған ескі балабақша ғимараты жеке кәсіпкердің демеушілігімен 3,5 млн. теңгеге спорт клубына лайықтандырылған. Өткен жылы «Қазақстан халқына» қорының демеушілігімен, «Батыр боламын» қоры арқылы 8,8 млн. теңгеге спорттық құрал-жабдықтар, оның ішінде үстел теннисі жиынтығы, жаттығу құралдары, спорттық киімдер, қабырғаға және жерге төсеуге арналған матрастар алынған. Нәтижесінде, спорт клубы ішінде еркін күрес, бокс, шахмат, теннис үйірмелеріне арналған арнайы бөлмелер жабдықталды. Қазіргі таңда аталған спорт клубында 50 бала спорт секцияларына тұрақты қатысуда. Сонымен қатар, елді мекен тұрғандары үшін де спорт клубы жаттығу жұмыстарын жасап, салауатты өмір салтына баулуға үлкен септігін тигізуде.

Аудан әкімі атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта да демеушілік есебінен спорт саласын дамыту, сондай-ақ спорт клубтарын жандандыру бағытында жүйелі жұмыстар атқару керектігін атады.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 сәуір 2025 ж. 188 0