«Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті
Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті. Игі шараға мекеме қызметкерлері, аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты.Акцияға қатысушылар белгіленген аумақта бірлесіп тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 1000 түп көшет егілді. Бұл бастама ауданның көркейіп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және тұрғындар үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.Алдағы уақытта да осындай экологиялық бағыттағы шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып, аудан аумағында көгалдандыру жұмыстары қарқын ала бермек.Аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуға шақырамыз!Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










