Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні

23 сәуір – Ұлттық кітап және кітапханашылар күні

23 сәуір - рухани құндылықтарды дәріптейтін, білім мен мәдениеттің алтын қазығы саналатын кітап пен кітапхана қызметкерлеріне арналған ерекше күн. Бұл мереке адамзаттың ақыл-ой қазынасын сақтап, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан кітапханашылардың еңбегіне көрсетілген зор құрмет.

Бүгінде цифрландыру дәуірінде кітапханалар жаңа форматта дамып, оқырманға сапалы қызмет көрсетудің тың үлгілерін енгізуде. Соған қарамастан, кітаптың құндылығы ешқашан төмендеген емес.

Осы айтулы күні барлық кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, еңбектеріне табыс, шығармашылық шабыт және оқырмандарының көп болуын тілейміз!

23 сәуір 2026 ж. 50 0