Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыр биігіндегі жеңіс

Жыр биігіндегі жеңіс

«Мағжан оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңінде «Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім» номинациясы бойынша №37 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Еркеназ Абдулажан ақын жүректің нәзік лебін, сөз құдіретінің терең иірімдерін шебер жеткізе біліп, жоғары деңгейдегі шығармашылық шеберлігімен дараланып, жүлделі І орынды иеленді. Республикалық кезеңге жолдама алды.

Жетекшісі Ардагүл Жаңабай  шәкіртінің талабын ұштап, өнерге деген сүйіспеншілігін арттырып, шығармашылық жолында бағыт-бағдар берген білікті ұстаз. Жеңімпазға да, жетекшісіне де шығармашылық шабыт, республикалық додада толағай табыс тілейміз!

22 сәуір 2026 ж. 49 0