Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өз баласы да пойызда туылған: Алматы-Маңғыстау пойызында жолсерік жүкті келіншекті босандырып алды

Өз баласы да пойызда туылған: Алматы-Маңғыстау пойызында жолсерік жүкті келіншекті босандырып алды


Алматы-Маңғыстау пойызында жүкті келіншектің толғағы келіп, жұртты дүрліктірді. Өз кезегінде жолсерік Қаһарман Ділімбетов оны босандырып алды.

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Куәгерлердің сөзінше, жүкті келіншек Шымкенттен Алматыдағы перзентханаға бара жатқан. Оны жанында анасы мен енесі болыпты. Алайда пойызда аяқ астынан толғақ қысқан.
Осы кезде дүрліккен жұртты жолсерік тыныштандырып, дәрігерлерді күтпестен, өзі іске кірісіпті. Осылайша, ол қолайлы жағдай жасап, келіншекті босандырып алған.
Мұндай жағдай жолсерік Қаһарман Ділімбетовтың тәжірибесінде алғаш рет орын алмаған болып шықты. Ол өзінің тұңғышын осы пойызда босандырып алған екен.
12 шілде 2018 ж. 961 0