Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Сапалы құрылыс – басты талап

Сапалы құрылыс – басты талап

Сырдария ауданы соңғы бірнеше жылдың көлемінде құрылыс алаңына айналды. Ауданымызда жаңа ғимараттар бой көтеріп, тұрғын үйлер салынып, көпшілікке қолайлы жағдай жасалуда. Аудан келбеті күн санап жаңарып, еңселі ғимараттар бой көтерген сайын құрылыс сапасына деген талап та күшейе түсуде. Осы ретте облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, нысандардың жай-күйіне бақылау жүргізілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Жаналинов ауданға жұмыс сапарымен келіп, әлеуметтік нысандардың жұмысымен таныс­ты.

Ең алдымен Бесарық ауы­лындағы заманауи талап­тарға сай салынған жаңа спорт кешеніне барды. Бұл кешенде ауыл тұрғындарының саламатты өмір салтын ұстануына, бұқаралық спортты дамытуға және жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүм­кіндік жасалған. 2025 жылы қолданысқа берілген кешен бір мезетте 100-ге жуық баланы қабылдайды. Бұл жерге келушілер қазақ күресі, дзюдо, бокс, грек-рим, еркін күрес, таеквондо, волейбол, футболмен айналыса алады. Кешеннің материалдық-техникалық базасы толық жабдықталған.


Одан кейін облыс әкімінің орынбасары Нағи Ілиясов ауылындағы дәрігерлік амбулатория жұмы­сы­мен танысты. Дәрігерлік амбулатория 2023 жылы «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлт­тық жобасы аясында пайдалануға берілген болатын. Медициналық мекемеде тұрғындарға сапалы қыз­мет, алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетіліп, профилактикалық тексерулер және жос­парлы ем-шаралар жүргізіледі. Еңселі ғимаратта ауыл тұрғындары күнделікті ем-шарасын алып, денсаулық жағдайын жақсартуда. Мұнда амбулаториялық ем қабылдау, алғашқы диагностика, вакцинация, жүкті әйелдерді бақылау, балалар мен қарттарға медициналық көмек көрсету қызметі бар.

Келесі нысан – аудан орталығындағы «Руханият орталығы» болды. Бұл аға буын мен жастардың басын қосқан рухани-мәдени орынға айналған. Мұнда түрлі іс-шараларды өткізуге қо­лайлы орта қалыптасқан. Бүгінде халыққа сапалы қызмет көрсетіп отырған ғимараттың ішінде неке қию залы, кітапхана, музей, архив, жастар сарайы, ардагерлер мен аналар үйі бар.

Кейінгі жылдары салынған тұрғын үйлердің жай-күйін де назардан тыс қалдырмаған облыс әкімінің бірін­ші орынбасары өз кезегінде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлердің сапасын жақсарту, оларды тиімді пайдалану және халыққа қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жалғастыру қажеттігін атап өтті.

Кейінгі жылдары Сыр елінің мәртебесі биіктеп, республика көлемінде үздіктер қатарынан табылуда. Инфрақұрылым, инвестиция тарту, халықтың әлеу­меттік жағдайын жақсарту, кәсіпкерлікке кең өріс беру – дамудың озық тенденциясын қалыптастырды. Жаңа нысан – ең алдымен қауіпсіздік пен жайлы өмір сүрудің кепілі. Сон­дықтан әрбір ғи­ма­рат­тың бе­ріктігі, сапасы және құрылысының та­­лапқа сай жүргізілуі – басты назарда болуы тиіс.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ
11 сәуір 2026 ж. 54 0