Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№32 газет

01 мамыр 2026 ж.

№ 31 газет

28 сәуір 2026 ж.

№30 газет

25 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Еxit-poll республикалық референдумның алғашқы қорытындысын жариялады

Еxit-poll республикалық референдумның алғашқы қорытындысын жариялады

Республикалық референдумға келген көпшіліктің еліміз бойынша қарасы қалың болды. Жаңа Ата заңды қолдауға барған жұртшылық ел үшін маңызды бастаманың мән-мағынасын тереңнен ұғына білді. Таңертеңнен өз учаскелеріне барған ел халқы болашақ үшін жасалатын өзгерістерге жауапкершілікпен қарады.

Саяси науқанға белсене қа­тысқан жұртшылық рес­публикалық референ­дум­ның қорытынды нәти­же­лерін күткені мәлім. Дауыс беру уақыты ресми түрде аяқталғаннан кейін Exit-poll нәтижесін жариялады. Мәсе­лен, еуразиялық интеграция институты жүргізген алғашқы Еxit-poll нәтижесіне сәйкес, республикалық ре­фе­рен­дум­ға қатысқан азамат­тардың 86,7%-ы жаңа Конс­титуция жобасын қолдап дауыс берген. Сауал­намаға ел бойынша 129 қала мен 71 ауылдан 30 мың азамат қатысқан. Институт мәліметінше, референ­дум­­дағы жалпы дауыс беру белсенділігі 75,3%-ды құ­рады.

Өз кезегінде «СОЦИС-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты да зерттеу жүргізген. Айта кетейік, «Zakon.kz» сайтының тапсырысы бойынша сауалнама өткізген. Еxit-poll нә­­ти­­желеріне сәйкес, қазақ­стан­­дықтардың – ­87,4%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап берген. Сонымен қатар «AMANAT» партиясы жанын­дағы Қоғамдық саясат институты өздері жүргізген сауалнама нәтижесін жариялады. Ел халқының 88,6%-ы «Иә, қабылдаймын» деп жауап бер­гендер қатарында.


Референдум – ел ертеңін бірге айқындайтын тарихи мүмкіндік. Сондықтан әрбір азамат осы маңызды сәтте белсенділік танытып, өз таң­дауын жасағаны мәлім. Халықтың дауысы – мемле­кеттің болашағы екенін ұмыт­­паған жұртшылық қо­ғам­дық-саяси үде­рістерге ерек­­ше белсенділікпен кел­ді. Халықтың бірлігі мен бел­сенділігі – еліміздің тұрақ­ты дамуының басты кепілі.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
17 наурыз 2026 ж. 232 0