Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Макроэкономикалық көрсеткіштердің орындалуы тұрақты бақылауда

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды.

– 2025 жылдың қаңтар–қараша айларында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 93,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 73,6 пайызға артты. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің үлесі 13,1 млрд теңгені құрады. Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 25,7 млрд теңгеге жетіп, жоспар 101,2 пайызға орындалды. Ағымдағы жылдың 11 айында аудан экономикасына 83,3 млрд теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101 пайызды құрады. Осы кезеңде 25,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, жоспар 101,2 пайызға орындалды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 22,8 млрд теңгені құрап, 117,9 пайызға жетті. Бөлшек сауда көлемі 2025 жылдың қараша айында 2,9 млрд теңгені құрап, 100,1 пайыз болды, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімі 11 айдың қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің толық орындалғанын атап өтіп, жыл соңына дейін межеленген жоспарлардың толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, жылды жоғары нәтижемен қорытындылауды міндеттеді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

18 желтоқсан 2025 ж. 42 0