Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапон ғалымдары кофенің жаңа қасиетін анықтады

Жапон ғалымдары кофенің жаңа қасиетін анықтады

Жапон зерттеушілері кофе құрамында болатын хлороген қышқылы атты табиғи қоспа қызыл иектің қабынуын басып, пародонтитпен байланысты бактериялар санын азайта алатынын анықтады. Зерттеу нәтижесі Dentistry Journal журналында жарияланды, - деп хабарлайды Tengri Life Газета.Ru-ға сілтеме жасап.

Пародонтит қызыл иектің созылмалы қабынуына байланысты асқынып, тісті ұстап тұратын тіндерді бұзады, ал ауыр жағдайда тістің түсіп қалуына әкеледі. Бұл процессте тіс қағы - бактериялардан тұратын биоқабық негізгі рөл атқарады. Уақыт өте келе оның құрамы өзгеріп, пародонтопатогенді микроағзаларды жинайды. Әдеттегі гигиеналық күтіммен мұндай бактериялардан арылу қиын, ал тығыз биоқабықты тіпті кәсіби тазалаумен де жою оңай емес.

Ғалымдар хлороген қышқылы қолданылған қосымша химиялық өңдеу қабыну мен бактерияларға қарсы күрестің тиімділігін қаншалықты арттыра алатынын тексерді. Зертханалық сынақта пародонтиті бар пациенттердің қызыл иек тіндерінің үлгілері мен жұлынған тістерінде бұл заттың қабыну маркерлері мен микробтардың өсуіне әсері бағаланған.

10 наурыз 2026 ж. 40 0