Қыз жолдас керек: Ақтөбеліктер ақшаға тойына куәгерлер іздеуде
Ақтөбеде жастар үйлену тойына куәлік ететін көмекшілерді ғаламтор арқылы іздеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі public pust_govoryat_aktobesvami парақшасына сілтеме жасап.
Қазақша жаңа бизнестің де күні алыс емес. Ақтөбе тұрғындары әлеуметтік желілерде және ғаламторда үйлену тойына куәлік болатын адамдарды іздеуде. Олар куәгерлерді тегін емес, ақша төлеп жалдамақты. Тек бір шарттары бар – той иелері куәгерді өз көздерімен көргілері келеді. Ақтөбеліктердің көпшілігі мұндай хабарландырудың себебі айналада тұрмыс құрмаған адамдардың қалмауынан деп түсіндіреді. Олардың сөзінше, қыздардың көбі күйеуге шыққан немесе жігіттердің бәрі үйленген.
«Маған үйлену тойыма қыз жолдас керек болып тұр. Тегін емес, ақшасын төлеймін. Тек ол басы бос, ажыраспаған қыз болуы керек. Макияж бен шаш үлгісіне де ақша төлеймін»,- делінген public pust_govoryat_aktobesvami парақшасында жарияланған жарнамалардың бірінде.