Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Шиелі кентінде ардагерлермен маңызды кездесу өтті

Шиелі кентінде ардагерлермен маңызды кездесу өтті

Шиелі кентіндегі Руханият орталығы ғимаратында «Ардагерлер кеңесі» және «Қоғамдық кеңес» мүшелерімен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесудің спикері – Шиелі ауданының әкімі Айтбай Насриддинұлы 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, 2026 жылға арналған жоспарлармен бөлісті. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылымдық жобалар, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытындағы бастамалар кеңінен талқыланды.

Сонымен қатар, алдағы референдумның маңызы айтылып, оның ел дамуы үшін стратегиялық мәні түсіндірілді. Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.

Кездесу ашық әрі мазмұнды форматта өтіп, ардагерлер тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай басқосулар қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, ортақ мақсаттарға жетуге жол ашады.
27 ақпан 2026 ж. 370 0