Қаржы саласының өкілдерімен Конституциялық өзгерістер талқыланды
Бүгін «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясының өкілдері қаржы саласының қызметкерлерімен кездесу өткізді. Іс-шараға коалиция жетекшісі Ғазиз Әліш және ұйым мүшелері қатысты.Кездесу барысында 15 наурызға жоспарланған республикалық референдум және Конституцияға енгізу ұсынылып отырған өзгерістер талқыланды. Коалиция өкілдері ұсыныстардың мазмұны мен негізгі бағыттары жөнінде ақпарат берді.
Олард
ың мәліметінше, түзетулер сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейтуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік қаржы басқаруындағы ашықтықты арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Сонымен қатар Конституция жобасында «жылдам даму» ұғымын енгізу, жекелеген өңірлер үшін арнайы құқықтық режимдер қарастыру және шетелдік көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты мен активтері туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қамтылғаны айтылды.
ың мәліметінше, түзетулер сот жүйесінің тәуелсіздігін күшейтуге, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, мемлекеттік қаржы басқаруындағы ашықтықты арттыруға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Сонымен қатар Конституция жобасында «жылдам даму» ұғымын енгізу, жекелеген өңірлер үшін арнайы құқықтық режимдер қарастыру және шетелдік көздерден қаржыландырылатын коммерциялық емес ұйымдардың қаражаты мен активтері туралы ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мәселелері қамтылғаны айтылды.Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, сұрақтар қойды. Іс-шара ақпараттық-түсіндіру форматында өтті.










