Облыс әкімі қала аумағындағы құрылыс нысандарын аралады

Ұлдар мен қыздарға арналған жеке-жеке киім ауыстыру бөлмелері бар. Көркемдік-эстетикалық бағытта кескіндеме, сурет салу, резин арт, балалар шығармашылығы шеберханасы, сәндік-қолданбалы өнер, FabLab, дыбыс жазу студиясы, робототехника және жасанды интеллект, биотехнология, 3D модельдеу, КИП және автоматтандыру, киберспорт және математика кабинеттері жұмыс істейді.
Әрі қарай, “Қызылорда-нан” ЖШС-ның кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін кешендегі жұмыс барысын көрді. Бұл жобаға мемлекеттік қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, су және кәріз жүйелерін жеткізуге қаржы бөлінген.
Аймақ басшысы Әбілқайырхан көшесінен Саламатов көшесіне дейінгі жол құрылысының барысын көрді. Ұзындығы 2,9 шақырымды құрайтын жол құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі күні 2,4 шақырым аумақта астыңғы қабатты тазалау және ашу жұмыстары аяқталып, 2 шақырым бөлікте тірек қабырғаларын құю жұмыстары жалғасуда. Жобаның мердігері – “Автомобиль жол басқармасы” ЖШС.
Сол жағалаудағы жаңа стадион құрылысы да назардан тыс қалмады.
Мұнда шығыс және батыс трибуналардың металл конструкциялары орнатылып, қабырғалар, ішкі бөлмелер мен сыртқы витраждар қаланған. Қазіргі таңда футбол алаңын жабдықтау, ішкі әрлеу және аумақты абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.
@Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото:Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі