Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Мамандық әлемін ашамыз» – аудандық кезең қорытындысы

«Мамандық әлемін ашамыз» – аудандық кезең қорытындысы

Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Мамандық әлемін ашамыз» республикалық форумының аудандық кезеңі №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицей базасында өткізілді.

Форумның мақсаты – білім алушыларға кәсіби бағдар беру, олардың болашақ мамандық таңдаудағы саналы шешім қабылдауына бағыт-бағдар беру және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Қатысушылар өз жобаларын ұсынып, жұмыстарын қорғады. Қатысушылар   «Мен таңдаған мамандық», «Болашақ мамандығы», «Біздің отбасымыздағы мамандықтар», «Жас мобилограф» бағыттары бойынша оқушылар дайындап келген жобасын ұсынды.

Ұсынылған жұмыстар мазмұны, өзектілігі, зерттеу деңгейі және таныстырылым сапасы бойынша бағаланды. Қорытынды бойынша 9 оқушы облыстық кезеңге жолдама алды. Жеңімпаздың бірі Шаған ауылы №37 мектеп-лицейінің оқушысы Қанат Зиятов «Мен таңдаған мамандық» номинациясымен жүлделі І орынды иеленіп, облысқа жолдама жеңіп алды.


Бұл – мектептердегі кәсіби бағдар жұмысының жүйелі жүргізіліп отырғанының нақты нәтижесі. Облыстық кезеңге өткен білім алушыларға жоғары жауапкершілік пен лайықты нәтиже керек.
19 ақпан 2026 ж. 281 0