Атаулы әлеуметтік көмекті кімдер және қалай алады: Еңбек министрлігінің түсіндірмесі
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (ЕХӘҚМ) 2026 жылғы 9 ақпанда қазақстандықтарға төленетін атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша атаулы әлеуметтік көмек 25,8 мың отбасындағы 138,1 мың адамға тағайындалып, төлемдердің жалпы сомасы 2,3 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 62,7 млрд теңге қарастырылған.
Ведомство өкілдері атаулы әлеуметтік көмектің негізгі мақсаты — ақшалай төлемдер көрсету және отбасының еңбекке қабілетті мүшелерін жұмыспен қамтуға бағытталған белсенді шараларға тарту арқылы азаматтарды қиын өмірлік жағдайдан шығару екенін еске салды.










