Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қадірлі қарияға – айрықша құрмет: ауданның бас ақыны тоқсанға толды

Қадірлі қарияға – айрықша құрмет: ауданның бас ақыны тоқсанға толды

«Қариясын құрметтеген ел ардақты» дейді халық даналығы. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете білу – даналықтың белгісі. Ел-халыққа еңбегі сіңген, ардақты азаматтар қашан да кейінгі буынға үлгі-өнеге. Ал, өнегелі өмір сүріп, тоқсанның төріне зор абыроймен жету – мағыналы ғұмырдың, маңдай термен келген мерейлі белестің айғағы. Қазақстанның Құрметті журналисі, ауданның құрметті азаматы Мұхтар Сақтапов тоқсан жасқа толды.

Осы орайда, аудан әкімі Берік Сәрменбаев тоқсанның төріне шыққан ар­дақты қаламгердің шаңырағына арнайы барып, мерейтойымен құттықтады. Аудан басшысы ақынның ел мәдениеті мен рухани өміріне қосқан сүбелі үлесін атап өтіп, жүрекжарды лебізін білдірді.


– Өмір жолының айтулы белесіне парасат пен табандылық арқылы жетіп отыр­сыз. Қазақ әдебиетінің дамуына қо­мақты үлес қосып, поэзия әлемінде өзіндік биігіңізді қалыптастырдыңыз. Сіздің өлең­деріңіз арқылы талай буын рухани тәлім-тәрбие алып, туған жерге, елге деген сүйіс­пеншілігін арттырды.


Соның айқын дәлелі – «Тереңөзек» атты өлеңіңіздің барша жерлес­тер үшін рухани құндылыққа айна­лып, туған өлкенің гимні ретінде қабылдануы. Біз Сізді кейінгі ұрпаққа өнеге болатын ардақты тұлға деп білеміз. Сонымен қатар Сіздің қазақ жур­налистикасының қалыптасуы мен дамуына сіңірген еңбегіңіз ұшан-теңіз. Қаламыңызбен де, еңбегіңізбен де өңір руханиятының өркендеуіне өл­шеусіз үлес қостыңыз. Торқалы тойыңыз құтты болсын! – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан әкімімен бірге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, аудандық мәслихат төра­ғасы Ержан Әжікенов, облыстық мәс­лихат депутаты Жұмабек Ембергенов, «АМАNАТ» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәс­лихат депутаты Алмас Есназар барып, құттықтау лебіздерін жеткізді.

Салтанатты сәтте мерейтой иесіне «Қызылорда облысының құрметті ар­да­гері» төсбелгісі табысталды. Бұл – ақынның ұзақ жыл бойғы қажырлы еңбегіне, руханият пен журналистика сала­сындағы өлшеусіз үлесіне берілген лайықты баға. Сондай-ақ аудан басшысы мерекелік «Құттықтауын» табыстап, шапан жауып, сый-құрмет көр­сетті.

Сондай-ақ ардақты азаматты «Сыр медиа» ЖШС бас директоры Марат Аралбаев арнайы құттықтады. Қаламгерді құттықтауға «Сыр медиа» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжалы Ерімбет, аудандық газет редакциясы жанындағы бастауыш ардагерлер ұйымының төрағасы Мүсілім Қалмұратұлы және «Тіршілік тынысы» газетінің бас редакторы арнайы барды. Өз кезегінде жылы лебіздерін жеткізіп, мерейтой иесін құттықтап, сый-сияпатын табыстады.

– Сіз – сөздің киесін сезінген, қала­мымен халыққа қызмет еткен сирек тұл­ғалардың бірісіз. Жырларыңыз бен еңбектеріңіз бірнеше буынға ой салып, ұлттық құндылықтарды дәріптеп келеді. Сіздей ардақты азаматты құр­меттеу – біздің міндетіміз. Ақынның өмір жолы – еңбек пен елге адал қыз­меттің өнегесі. Ақынға көрсетілген ілтипат – тек бір азаматқа ғана емес, тұтас руханиятқа, сөз өнеріне деген құрметтің көрінісі. Өнер мен ойды ардақтаған елдің еңсесі әрдайым биік болмақ, – деді М.Жайылханұлы.

Айта кетейік, тоқсанның төріне шыққан ақын, журналист Мұхтар Жаналханұлы – аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің ардагері. Ардагер-журналист аудандық газетте 40 жылға жуық корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, баспахана директоры қызметтерін абыроймен атқарған. Жалынды жас­тық шағында сатира сардары Асқар Тоқмағамбетовтен бата алған. Бір­неше кітаптың авторы атанған ақын­ның 2008 жылы «Көңіл шуағы», 2013 жылы «Қайырлы таң, туған жер!» ат­ты өлеңдер жинағы жарық көрді. Сонау 1970-1971 жылдары жазылған «Тереңөзек» өлеңі кенттің «гимніне» айналған. Зейнетке шықса да аудан­ның талантты, талабы бар жастарына ұстаз болып, кейінгі буынға ақ батасын арнап, бағыт-бағдар беріп келеді. Қаншама шәкірт тәрбиелеп, ақындық жолдың қыр-сырын үй­реткен қарымды қаламгер Кеңестік кезеңде аудандық партия, кеңес органдарының «Құр­мет» грамотасымен мадақталып, по­селкелік кеңестің депутаты болып сай­ланған. Әр жыл сайын аудан, облыс басшыларының «Алғыс хатымен» арнайы марапатталатын Мұхтар Жаналханұлы Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстың «Құрметті журналисі», «Сырдария ауданының құрметті азаматы», ауданның бас ақыны екенін айта кету орынды. Өз кезегінде мерейтой иесі көрсетілген құрметке ризашылығын білдіріп, ел амандығын, ұрпақ сабақ­тастығын ті­леп ақ батасын берді.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

07 ақпан 2026 ж. 69 0