Жастар аудан халқының 32,3 пайызын құрады
Ауданда 12 257 жас бар, олар аудан халқының 32,3 пайызын құрайды. Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаев Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте баяндады.2025 жылы 4 мыңға жуық сырдариялық еріктілер қайырымдылық шараларына қатысты. Сонымен қатар, былтыр ауданда «Жасыл ел» еңбек жасағы бойынша 110 жас уақытша жұмыспен қамтылып, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстарында өз үлестерін қосты.
– Өткен жылдың қорытындысы бойынша үздік жастар «Өрлеу» жастар сыйлығымен және «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында «Жыл үздігі» номинациясымен марапатталды. Бұл шаралар жас ұрпақты қолдау, олардың кәсіби және қоғамдық белсенділігін арттыруға, ауданымыздың әлеуметтік дамуына үлес қосуға бағытталған, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.










